Байден Ирак көшбасшыларымен телефон арқылы сөйлесті

Джо Байден ИЛИМ экстремистеріне қарсы бірге күресуге шақырды

100339
Байден Ирак көшбасшыларымен телефон арқылы сөйлесті

АҚШ президентінің орынбасары Джо Байден Ирак премьер-министрі Нури әл-Малики, парламент төрағасы Усама Нусейфи мен Күрт аймақтық үкіметі басшысы Месут Барзанимен телефон арқылы сөйлесті.
Джо Байден лидерлерді бірігуге шақырды.
Байденнің Ирактық лидерлердің ынтымақтасып әрекет жасауын және конституцияға сай жаңа бір үкімет құру керектігін айтқаны білдірілді.
Ирак премьер-министрі Маликимен сөйлескен Джо Байден бұрынғыдан да ауқымды, бүкіл Ирак халқын қамтитын басқару керек екенін айтқанына да назар аударылды.
Президент Обама да конгрестегі республикалық және демократ партиялардың көшбасшыларымен Ақ Үйде бас қосты.
Ирактағы қақтығыстардан кейін Вашингтонның қандай шаралар алғаны талқыланған жиналыста ИЛИМ экстремистерімен күресу үшін Иракқа жәрдемнің арттырылуы мәселесі де қаралды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар