Украина әскерлері Мариупольді алды

Ал 3 Ресей танкі мен әскери көліктері Украина шекарасына кірген

93589
Украина әскерлері Мариупольді алды

Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков ғаламтор арқылы жасаған мәлімдемесінде Мариуполь әкімшілігі ғимаратына Украина туы тіккендерін білдірді. Министрдің айтуынша, ұрыста бес ресейшіл қаза тауып, екі украин сарбазы жараланған.
Бір жағынан 3 Ресей танкі бастаған броньды көліктердің Украинаға кіріп, Еуроодақтың шекарасына жылжуы наразылық туғызды.
Түн ортасында Донецк қаласының орталығында болған жарылыста жүк көлігінің нысанаға алынғаны мәлімденген болатын.
Жүк көлігін өзін Донецк Халық республикасының көсемі деп жариялаған Денис Пушилинге тиесілі екені, бірақ оқиға болған кезде оның көлікте болмағаны білдірілді.
Шабуылда 4 адамның жараланғаны, біреуінің де жағдайының ауыр екені туралы мәлімет бар.
Мәскеу аймақта қарулы ресейшілдерге өз еркімен жәрдем беріп жатқан орыс азаматтарына ишарат етіп, танктарды өздерінің жібермегенін мәлімдеді.
Бірақ Украина мен АҚШ үкіметі бұл мәлімдемеге онша сенім білдіріп отырған жоқ.
АҚШ сыртқы істер министрлігі спикері Джен Псаки «Егер хабар дұрыс болса Украинаның шығысында кикілжің одан әрі өршиді» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар