Сириядағы операцияларда 39 адам қаза тапты

Асад күштерінің Сириядағы шабуылдары жалғасуда

90760
Сириядағы операцияларда 39 адам қаза тапты

Сирияда Башар Асадқа қарасты армия жасақтарының әртүрлі қалаларда әкімшілікке қарсы топтарға әуеден және құрлықтан шабуылдар жасағаны білдірілді.
Сирия Адам құқықтары бақылау ұйымы тарапынан жасалған мәлімдемеде Дамасктың шет аумақтарында 16, Халеп пен Хама да бес бестен, Дерада 4, Кунейтрада 3, Хомуста және Идлибте екі екіден, Дейр-уз Зорда мен Лазкийеде бір бірден араларында 9 бала мен 5 әйел бар барлығы 39 адамның қаза тапқаны білдірілді.
Сирия хабар агенттігі САНА болса қауіпсіздік күштерінің Халеп, Идлиб, Хама мен Астана Дамасктың ауылдық аймақтарына жасалған операцияларда көптеген қарулы топтың әлсіз күйге келтірілгенін атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар