Мексикада мыңдаған адам шеруге шықты

Шерушілер 43 жыл бұрынғы студент оқиғаларын еске алды

90772
Мексикада мыңдаған адам шеруге шықты

Мексикада ондаған адам қаза тапқан студент оқиғаларының 43 жылдығында шерушілер көшеге шықты.
Мексиканың астанасы Мехико көшелері шерушіге толды.
Мыңдаған шеруші «Эл-Халконазо» атымен белгілі және ондаған адам қаза тапқан студент оқиғаларында қаза тапқандарды еске алу үшін жиналды.
Шерушілер Бразилияда ұйымдастырылған Әлем кубогына да наразылық көрсетті.
Кейбір шерушілер мемлекеттік ғимараттар мен партия орталықтарына шабуылдады, ғимараттардың әйнектерін сындырды.
Қауіпсіздік күштері шерушілерге қатаң түрде қарсылық берді.
1971 жылы 10 шілде күні ұйымдастырылған наразылық шерулеріне полиция қарсылық көрсеткен және көптеген студент қаза тапқан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар