Ирак Дамаск Ислам мемлекетті атты лаңкестік ұйым жылжуда

Иракта Мосул қаласын алған ұйым енді Керкук пен Бейджиге бағыт алды.

90558
Ирак Дамаск Ислам мемлекетті атты лаңкестік ұйым жылжуда

Ирак Дамаск Ислам мемлекетті атты лаңкестік ұйым жылжуда.
Иракта Мосул қаласын алған ұйым енді Керкук пен Бейджиге бағыт алды.
Тузхурматудағы екі ауылды басып алған ұйымның Бейджи қаласындағы барлық қару қоймалары мен энергия базаларының бақылауын алғаны білдірілді.
Банктердегі миллиондаған доллар да осы ұйымның қолына өтті.
Аймақтық күрт әкімшілігі Тузхурматуға әскери екі бригада жолдады.
Халық жаяу да болса, көлікпен де болса қашып барады.
Арасында 120 түрік жұмысшысы бар мыңдаған адам Духок және Ербилді паналады. Қақтығыстардың ортасында 28 түрік көлік жүргізушісі қалып қойған. Түркия олардың жағдайымен жіті айналысуда.
Сыртқы істер министрі Давутоғлу «Түрік азаматтарының тез арада құтқарылуы, қысқа уақытта отбасыларымен қауышуы үшін тырысып жатырмыз. Жағдайларының жақсы екені жөнінде хабар келіп жетті» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар