Мысырда Абдулфеттах эс-Сиси елбасы сайланды

Жоғары сайлау кеңесі төрағасы мәлімдеме жасады

82136
Мысырда Абдулфеттах эс-Сиси елбасы сайланды

Мысырда елбасы сайлауында бұрынғы Қорғаныс министрі Абдулфеттах эс-Сиси бейресми қорытындыға қарағанда жеңіспен шықты.
Мысыр Жоғары сайлау кеңесі төрағасы Энвер әл-Аси Астана Каирде ұйымдастырған баспасөз жиналысында Сисидің 23 миллион 780 мың 104 дауыс жинап, 96,91 пайызбен сайлаудың жеңімпазы екенін мәлімдеді.
Аси «Сайлауға 47,45 пайыз адам қатысты. Дауыстардың 96,91 пайызын Сиси жинаса, Хамдин Саббахи 757 мың 511 дауыспен 3,9 пайызда қалды» деді.
Бейресми қорытынды бойынша Сиси жақтаушылары Каирдегі Тахрир алаңына жинала бастады. Қауіпсіздік күштері алаңды жол қатынасына жапты, аймақта қауіпсіздік шараларын арттырды.
Басқа жағынан Төңкерісті мойындамау және заңдылыққа қолдау үшін Ұлттық Бірлік қозғалысы сайлау қорытындысын танымағандарын жариялады және халықты жұма күнгі сайлауға наразылық шеруіне шақырды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар