Гуманитарлық көмек үшін ұсыныс

Ресейден Украинаға «гуманитарлық көмек дәлізі» ұсынысы келді.

80671
Гуманитарлық көмек үшін ұсыныс

Гуманитарлық көмек үшін ұсыныс
Ресейден Украинаға «гуманитарлық көмек дәлізі» ұсынысы келді.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелері Ресейдің талабына орай Украинадағы оқиғаларды талқылау мақсатымен жабық отырыста бас қосты.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің маусым айындағы басшылығын да атқаратын Ресей Украинаның шығысындағы жағдайға байланысты мәтінін жиналысты Кеңес мүшелеріне таратты. Мәтінде Украинаның шығысында қақтығысып жатқан тараптардан дұшпандықты тоқтатулары және атысты тоқтату келісіміне бағынулары сұралды.
Ресей дайындаған мәтін «гуманитарлық көмек жобасы» деп аталады. Мәтінде қақтығыстың арасында қарапайым азаматтардың болуы және аймақтың барлық жеріне гуманитарлық көмек жеткізілуі үшін дәліз қалыптастырылуы талап етіледі.
Ресейдің БҰҰ-ндағы тұрақты өкілі Виталий Чуркин Кеңес мүшелерінің кейбірінен жылы реакция алғандарын, кейбірінің көп сұрақ сұрағанын айтты. «Бұл сұрақтардың барлығына жауап беруге тырыссақ, бірнеше апта жұмсауымыз керек» деді ол.
Чуркин Украина қауіпсіздік күштерін айыптады. Оның айтуынша армия азаматтар тұрған аймақтарға ауыр қарулармен шабуылдады және кейбір қалаларды қоршауға алды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар