Корона вирусы Саудия Аравиясында әлі жан алуда

Вирустан өлгендердің саны 189-ға жеткен

79753
Корона вирусы Саудия Аравиясында әлі жан алуда


Саудия Аравиясы денсаулық министрлігі Риад пен Жиддеде вирус жұққан тағы 2 адамның қайтыс болғанын мәлімдеді.
Корона вирусы себеп болған аурудан Саудия Аравиясында өлгендердің саны 189-ға жетті.
Елде 571 адамның осы аурумен ауыратыны білдірілді.
SARS-тың бір түрі болып табылатын корона вирусы бірінші рет 2012-жылдың қыркүйегінде табылды.
Саудия Аравия мен басқа Таяу Шығыс елдерін қорқытып отырған корона вирусы өкпе мен бүйректерге зиян береді.
Иммунитет жүйесін істен шығаратын вирустың ұзақ мерзімге созылған жақындасудан жұғатыны білдірілді. Вирустың вакцинасы әлі табылған жоқ.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар