Израиль геноцид құрбандарын еске алуда

Екінші дүниежүзілік соғыс барысында Гитлер әкімшілігі қырған еврейлер үшін Геноцидті еске алу күні өткізілді.

61561
Израиль геноцид құрбандарын еске алуда

Өлім лагерлерінде өлген еврейлерді еске алу рәсімі Иерусалимдегі Яд Вашем мұражайындағы іс-шарамен басталды.
Рәсімде сөз сөйлеген Израиль президенті Шимон Перес Неонацист партиялардың санының артып отырғанына назар аударды.
Ел көлемінде ойын-сауық мекендері ашылмады, теледидар мен радио арналары геноцидтен аман қалғандармен жүргізілген сұхбаттарды жариялады.
Парламентте әдеттегідей «есім оқу» рәсімі өткізілді.
Екінші дүниежүзілік соғыс барысында 6 миллион еврей азаматы қырғында қаза болды.
Соғыс аяқталғаннан кейін өлім лагерлерінен аман қалған еврейлердің шамамен 190 мыңы бүгін әлі тірі.
Сонымен бірге Палестина мемлекет басшысы Махмут Аббас еврей қырғынының замандас дәуірдің адам баласына қарсы жасалған «ең ауыр қылмыс» екенін айтты. Бір араб елі басшысының фашистік қырғынды қабылдауы көп кездеспейтін оқиға.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар