Қырғызстан мен Әзербайжан арасында бірқатар келісімге қол қойылды

Екі президент Стратегиялық серіктестік декларациясына қол қойды.

1815316
Қырғызстан мен Әзербайжан арасында бірқатар келісімге қол қойылды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Әзербайжанға сапары барысында екі ел арасында Стратегиялық серіктестік декларациясы мен бірқатар келісімге қол қойылды.

Әзербайжан президенттік аппаратының хабарламасына қарағанда,  Жапаров ресми сапармен Әзербайжан бас қаласы Бакуге барды. Бакуде оны президент Ильхам Әлиев қарсы алды. Қарсы алу рәсімінен кейін Әлиев пен Жапаров кездесу өткізді.  Артынан делегация аралық кездесуге басшылық жасады.

Әлиев Қырғызстанмен барлық салада белсенді қатынаста болуды жалғастыратындарын атап көрсетті.  Ол Қырғызстан мен Әзербайжан халықтарының бауырлас екенін еске салды. Сонымен бірге экономикалық ынтымақтастық,  транспорт, сауда айналымын арттыру және аймақтық қауіпсіздік тақырыптарын талқылағандарын білдірді.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров та Әзербайжанмен ынтымақтастыққа әрқашан дайын екендерін атап көрсетті.

Кездесуден кейін екі президент «Әзербайжан мен Қырғызстан арасында Стратегиялық серіктестік жөніндегі декларацияға» және екі ел арасында мемлекеттер арасы кеңестің қалыптастырылуына байланысты меморандумға қол қойды. Бауырлас екі еларасында сонымен бірге білім беру,  медиа, егіншілік, коммуникация, авторлық құқық және қаржы саласында бірқатар келісімге қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар