Қырғызстанда Байрактар TB2 клибі түсірілді

Бейне клип президент Садыр Жапаровтың "Отанымызда бейбітшілік болсын! Отанды қорғаған әскерлерге денсаулық және күшті жігер тілеймін!" деген сөздерімен  аяқталады.

1805629
Қырғызстанда Байрактар TB2 клибі түсірілді

Қырғызстанда әскери жаттығуда тұңғыш рет қолданылған Байрактар TB2 Қарулы Ұшқышсыз әуе көлігі үшін арнайы бейне клип түсірілді.

Бейне клипті Қырғызстан Президентінің баспасөз орталығы дайындады. Бейне клип елдің Ыстықкөл аймағында Балықшы қаласындағы Эдельвейс әскери жаттығу алаңында «Қалқан-2022» арнайы тактикалық оқу-жаттығуында түсірілген көріністерден құралды. 

Байрактар TB2 Ұшқышсыз әуе көлігі қоймасының қақпасы әскерлер тарапынан ашылуымен басталған 3 минуттық бейне клипте Қарулы Ұшқышсыз әуе көлігінің ұшуға дайындалуы, жолға шығуы және нысаналарды ату көріністері көрсетілген.

Бейне клипте жаттығуды "Бас қолбасшы" мәртебесімен тамашалаған Президент Садыр Жапаровтың Байрактар TB2 Қарулы Ұшқышсыз әуе көлігі атқан нысаналарды зерттеген көріністері бар.

Бейне клип президент Садыр Жапаровтың "Отанымызда бейбітшілік болсын! Отанды қорғаған әскерлерге денсаулық және күшті жігер тілеймін!" деген сөздерімен  аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар