Ақсақалдар кеңесі төрағасы Қырғызстанда

Бинали Йылдырым ресми сапармен Бішкекке барды.

1799773
Ақсақалдар кеңесі төрағасы Қырғызстанда

Түрік Мемлекеттер Ұйымының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым ресми сапармен Бішкекке барды.

Йылдырым мен қасындағы делегация Қырғызстанда Экономика және сауда министрі Данияр Амангелдиев, Транспорт және коммуникация министрі Еркінбек Осоевпен кездесті. 

Алдымен Экономика және сауда министрлігінде Амангелдиевпен кездескен Йылдырым Стамбулда өткен IV Саммитте Түрік кеңесінің жаңа атының қабылданғанын, жауапкершілігіне жаңа мақсаттар жүктелгенін айтты. Амангелдиев те ұйымға мүше елдермен жақын қатынаста екендерін атап көрсетіп,  Түрік Мемлекеттер Ұйымы құрамында Түрік Инвестиция фондының іске қосылуының маңыздылығын айтты. 

Ақсақалдар кеңесі төрағасы Бинали Йылдырым артынан Транспорт және коммуникация министрі Осоевпен кездесті.  Йылдырым Түркия және Қырғызстан арасында қатынастарды нығайтып, сонымен бірге ұйымға мүше елдер арасында қатынас пен коммуникация саласын жетілдіруді мақсат еткендерін білдірді.

Йылдырымның Қырғызстан Түркия Манас Университетіне баруы, президент Садыр Жапаров және мәжіліс спикері Талант Мамытовпен бас қосуы жоспарланды.



Ұқсас жаңалықтар