Google-ға салық салады

Қырғызстан Google сияқты шетелдік компанияларға салық сала бастады.

1765304
Google-ға салық салады

Қырғызстан дүние жүзінде ең көп қолданылатын іздеу жүйесі Google сияқты шетелдік компанияларға салық сала бастады.

Президенттік баспасөз орталығының хабарлауынша, президент Садыр Жапаров 22 желтоқсанда парламент қабылдаған жаңа Салық заңына қол қойды.

1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа заңның ережелері Президенттің ресми сайтында жарияланды.

Заңға сәйкес, электронды коммерциямен айналысатындарға 2 пайыздық табыс салығы салынады, ал Google сияқты шетелдік компанияларға қосымша құн салығы салынады.



Ұқсас жаңалықтар