ТҰҰМ төрағасы Бинали Йылдырым Бішкекте

Йылдырым мен жұбайы Семиха Йылдырым ұлттық киімді қырғыз жастары ұсынған бауырсақ мен қаймақтан дәм татты.

1101873
ТҰҰМ төрағасы Бинали Йылдырым Бішкекте

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Бинали Йылдырым Қырғызстанның астанасы Бішкекте.

Қытайдағы ресми байланыстарын аяқтаған ТҰҰМ төрағасы Йылдырым Бішкекке өтті. Халықаралық Манас әуежайында мемлекеттік рәсіммен қарсы алынған Йылдырым басшылығындағы делегация Қырғыз парламентінің төраға орынбасары Мирлан Бакиров, Қырғыз парламенті Түркия достық тобы төрағасы Алмазбек Батырбеков, Сыртқы істер министр орынбасары Нұрлан Абдрахмановқа қоса Түркияның Бішкектегі өкілетті елшісі Дженгиз Камил Фырат тарапынан қарсы алынды.

Йылдырым мен жұбайы Семиха Йылдырым ұлттық киімді қырғыз жастары ұсынған бауырсақ мен қаймақтан дәм татты.

ТҰҰМ төрағасы Йылдырым байланыстары аясында Қырғыз Жогорку Кенеши төрағасы Дастанбек Жұмабеков және премьер-министр Мухаммедқалый Абылгазиевпен бас қоспақ.

МЙылдырым кейін болса Бішкектегі өкілетті елшілік ғимаратында түрік азаматтары мен Ахыска түріктерінің өкілдерін қабылдайды.



Ұқсас жаңалықтар