Қырғызстанға тікелей шетелдік инвестиция артты

Тікелей шетелдік инвестициялар қаңтар-қыркүйек айларында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,4 пайыз артты.

398723
Қырғызстанға тікелей шетелдік инвестиция артты

Қырғызстанға тікелей шетелдік инвестиция артты.
Тікелей шетелдік инвестициялар қаңтар-қыркүйек айларында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,4 пайыз артты.
Ұлттық Статистика комитетінің деректеріне қарағанда, елдегі тікелей шетелдік инвестиция көлемі биылғы жылдың тоғыз айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,4 пайыз артып, 642 миллион долларға жетті.
Шетелдік инвесторлар аталмыш кезеңде инвестицияларының 83 пайызын жер асты кен іздестіру, электр, газ, бу және салқындатқыштар өндіру, қаржы саласы және әлеуметтік сақтандыру саласына жұмсады.
Ұлыбритания, Түркия, АҚШ және Канада сынды елдердің инвестициясы 20 пайыз артты.
Елде инфрақұрылым секторындағы Қытайдың инвестициялары 4,1 пайыз азайды. Ресей болса Қырғызстанға тікелей капитал салуын 7,8 пайыз арттырды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар