Қырғызстан мен Түркия бірлескен медицина апталығы

Апталық аясында өткен жиналыста халықтың денсаулығы тақырыбында ынтымақтастық жүргізілуіне шешім берілді.

325851
Қырғызстан мен Түркия бірлескен медицина апталығы

Қырғызстан-Түркия 1-ші бірлескен медицина апталығы болып өтті. Түркияның Денсаулықты сақтау министрлігі ұйымдастырған апталық қорытынды жиналыспен аяқталды.
Медицина апталығына Анкара мен Стамбулдағы 8 аурухана және бір университеттен 23 адамдық делегация қатысты. Кардиология, хирургия, пластикалық хирургия, әйел аурулары, ми хирургиясы және бала хирургиясы саласында қызмет атқаратындар бір апта бойы Қырғызстанда бес ауруханада 92 ота жасап, 623 науқасты қарап шықты. Айырықша 70 дәрігерге түрлі салада лекция оқыды.
Қорытынды жиналыста нейрохирургия, бала хирургиясы, онкология, орган трансплантациясы салаларында мамандардың Түркияда 6 ай тәжірибе жинақтауына шешім берілді. Тамыз айында Қырғызстан Денсаулықты сақтау министрлігі делегациясы Түркияға сапар ұйымдастырады. Сондай-ақ Қырғызстан Денсаулықты сақтау министрлігінің дәрі-дәрмек және медициналық жиһаз мұқтаждықтарын Түркиядағы компаниялардан қамдауы ұйғарылды.
Жиналыста қабылданған шешімге қарағанда айырықша екі ел арасында медициналық ынтымақтастық нығайтылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар