Ескишехир мен Ош бауырлас қала болды

Қырғыз делегациясы Ескишехир қаласы әкімі Гүнгөр Азим Тунамен кездесті.

233178
Ескишехир мен Ош  бауырлас қала  болды

Қырғызстанның Анкарадағы өкілетті және төтенше елшісі Ибрагим Жүнісов, Қырғызстанның Ош облысы әкімі Соронбай Жиенбеков ауқымды делегациямен Түркияның Ескишехир қаласында болды.
Қырғыз делегациясы Ескишехир қаласы әкімі Гүнгөр Азим Тунамен кездесті.
Кездесу барысында Қырғызстанның Ош қаласы мен Түркияның Ескишехир қаласы арасында «Бауырластық» хаттамасына қол қойылды.
Ескишехир қаласы Түркияның алдыңғы қатарлы қалалары арасында және көне өркениеттердің торабында орналасқан. Қалада екі университет білім береді.
Рәсімде сөз сөйлеген Ескишехир қала әкімі Туна «Екі қала арасында қатынастардың дамуы үшін хаттамаға қол қоямыз. Осылайша байланыстарымыз нығая түспек. Ош өте дамыған аймақта орналасқан. Түрік әуе жолдарының тікелей рейстері де ұшады. Алдағы уақытта іскерлермен бірге сапар ұйымдастырармыз» деді.
Хаттама арқылы достық пен бауырластықтың нығая түсетінін айтқан Ош әкімі Соронбай Жиенбеков болса «Елдеріміз бір тамырдан келеді. Алла Тағала бізді бауырлас қып жаратқан. Бұдан былай елдер арасы достықты да күшейтеміз, көптеген жобаларға қолтаңба басамыз» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар