ТМД Сыртқы істер министрлері Қырғызстанда бас қосты

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің Сыртқы істер министрлері жиналысы Қырғызстанның бас қаласы Бішкекте өтті.

225337
ТМД Сыртқы істер министрлері Қырғызстанда бас қосты

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің Сыртқы істер министрлері жиналысы Қырғызстанның бас қаласы Бішкекте өтті.


Президенттік Конгресс ғимаратындағы жиналысқа Қырғызстан Сыртқы істер министрі Абдылдаевпен бірге Армения Сыртқы істер министрі Эдуард Налбандиан, Белоруссия Сыртқы істер министрі Владимир Макей, Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сироджеддин Аслов, Түрікменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, Молдова Сыртқы істер министрінің орынбасары Тудор Ульяновский, Әзірбайжан арнайы елшісі Фахраддин Гурбанов, Украина арнайы елшісі Николай Дорошенко мен ТМД Атқару комитеті төрағасы Сергей Лебедев қатысты.


Жиналыста 2016-2020 жылдар арасында ТМД-ға мүше елдер арасындағы шекараның нығайтылуы мен табиғи апат жағдайында ынтымақтастық жүргізілуін көздеген екі жоба қабылданды. ТМД Сыртқы істер министрлері күзде Қазақстанның бас қаласы Астанада қайтадан кездеседі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар