Стамбулда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған симпозиум

Симпозиумға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Гагаузия, Болгариядан ғалымдар келді.

1858283
Стамбулда  Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған симпозиум

Стамбулда қазақтың атақты ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған симпозиум өтті. Стамбул Университетіндегі «Фараби» Еуразия зерттеу орталығы ұйымдастырған ғылыми жиын «5-ші Халықаралық Түрік әлемі тарих және мәдениет симпозиумы» деп аталады.

«Түріктің жазбаша тарихы» деген тақырыппен өткен ғылыми жиында Түріксой Бас хатшысының орынбасары Билал Чакыджы, Стамбул Университеті ректоры Проф. Др. Махмут Ак, Әл-Фараби Университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев, Стамбул Университеті Түркият институтының басшысы Мұстафа Балджы, Әл-Фараби Университеті Филология факультеті Қазақ тілі кафедра меңгерушісі Анар Салқынбай, Ұлыбритания «Шыңғыс Айтматов» академиясы басшысы Рахима Абдуалиева қатысты.

Ғылыми жиында «А. Байтұрсынұлы және Түрік жазбаша тарихы», «Түрік әлемінде жазу тілі және А. Байтұрсынұлы», «А. Байтұрсынұлының принциптері және заманауи жазу жұмыстары», «Түркітану және шығыстану зерттеулерінде тіл» секілді баяндамалар оқылды.

Симпозиумға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Гагаузия, Болгариядан ғалымдар келді.

Симпозиум шеңберінде айырықша «Шыңғыс Айтматовтың туындылары мен замандас қырғыз поэзиясынан аудармалар» атты дөңгелек үстел жиналысы ұйымдастырылды.



Ұқсас жаңалықтар