Қазақ көшінің Анадолы топырағына жеткеніне 70 жыл толды

Түркиядағы қандастар Стамбулда бас қосты.

1857404
Қазақ көшінің Анадолы топырағына жеткеніне 70 жыл толды
Kazakistan_Kazak_70yıl_kazakça

Түркияның Стамбул қаласында кезінде Алтайдан ауған қазақ көшінің қасиетті Анадолы топырағына жеткеніне 70 жыл толуына орай мерейтойлық іс-шара аталып өтті.

«Қожа Ахмет Ясауи» қоры, Нигде Алтай ауылы, Маниса Салихли, Конья Исмил, Кельн, Вена, Париж, Берлин, Мюнхен, Амстердам, Швеция, Норвегия мен Англиядағы қоғамдық бірлестіктер және «Қазақкент Алтай» қауымдастығы бірлесе ұйымдастырған игі шара көне шаһарда өтті. 

Халықаралық жиынның екінші бөлімінде Стамбулдағы «Кемербургаз Киразлыбент» демалыс аймағында  1 жарым мыңдай қазақтың қатысуымен ұлан-асыр ас берілді. Аста бас қосқан бауырларға тарихи Отаны - Қазақстаннан келген «Атамекен» музыкалық тобы ән шашуын тарту етіп, жұртқа тамаша көңіл-күй сыйлады.

Басқосу барысында «Қазақкент Алтай» қауымдастығының президенті Ерхан Йылдыз, Бағжылар қаласының мэрі Абдулла Өздемир және Қазақстан Республикасының Стамбулдағы Бас консулы Әлім Байел межелі мерейтойдың тарихи маңызы зор екенін атап өтіп, түбі бір түрік елі мен қазақ халқының бауырластығына баса мән бере сөз сөйледі.

Еуропа елдеріндегі қандастар мен Түркия қазақтары қауышқан халықаралық жиында Қазақстандағы «Отандастар қорының» Президенті Абзал Сапарбекұлының арнайы жолдаған құттықтау хаты оқылып, шеттегі ағайынның абыройы бір асқақтап қалды. Атажұрттың ақжарма тілегінен кейін құрметті қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары табақтап тартылды.

 

Мәтін мен сурет "Отандастар" қорынан алынды. 



Ұқсас жаңалықтар