Волкан Бозкыр Қазақстанда

Бозкыр: "Аймақтың күшті үндеулері мен берекесі Ауғанстан қадамдарында шешуші болмақ. Осы тақырыпта Қазақстанның маңызды бір лидерлік көрсететінін ойлаймын" деді.

1672903
Волкан Бозкыр Қазақстанда

БҰҰ 75-ші кезекті Жалпы Кеңесінің төрағасы Волкан Бозкыр Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстаннан кейін Орталық Азия турының соңғы аялдамасы Қазақстанға барды.

Қазақстан елордасы Нұр-Сұлтан қаласында Орталық Азия сапарын бағаландырған Волкан Бозкыр:

"Орталық Азияға келу себебім осы елдердің сәлемін күллі әлемге жеткізу"деді.

Волкан Бозкыр БҰҰ 75-ші кезекті Жалпы Кеңесінің төрағасы болумен бірге түрік азаматы екеніне меңзеп:

"Бұл елдерге келу мен үшін ерекше сезім. Мен үнемі мынаны айтамын: Бір түрік  БҰҰ Жалпы Кеңесінің төрағасы болды. Бұл әрі Әзербайжан, Қазақстан,  Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстанның төрағалығы. Менің атымнан бүкіл Түркі әлемі БҰҰ-нда төраға болуда" деді.

Бозкыр:

"Ауғанстандағы соңғы дамулар бейбітшілік пен тұрақтылықты қиындастыруда. Осы тұрғыдан аталмыш елдердің көп тәжірибесі бар. Аймақ елдері жарататын орта мен көзқарастар бұл мәселенің шешімінде өте маңызды" деп көрсетті.

Бозкыр осы тұрғыдан 7 тамызда өтетін "Орталық Азия лидерлер саммитіне" мән беретінін айтты.

Бозкыр:

"Аймақтың күшті үндеулері мен берекесі Ауғанстан қадамдарында шешуші болмақ. Осы тақырыпта әсіресе Қазақстанның маңызды бір лидерлік көрсететінін ойлаймын" деді.



Ұқсас жаңалықтар