Үндістанда жүзеге асқан «BRІCS» саммиті

Еуразия тынысы 44

603878
Үндістанда жүзеге асқан «BRІCS» саммиті

15-16 қазан күндерінде Үндістанның оңтүстік батысында Үнді мұхиты жағасында тарихи  сауда қаласы Гоада 8-ші «BRICS» саммиті жүзеге асты. Үндістанның қонақжайлығында өткен саммитке Бразилия, Ресей, Қытай және Оңтүстік Африка елдері қатысты.

Саммитте ынтымақтастық жобаларына қоса саясат, экономика және қауіпсіздікпен байланысты тақырыптар қолға алынды. BRІCS саммитінде қабылданған ең маңызды шешімнің ұйым құрамында жаңа бір несие бағалау мекемесі құру екенін атап көрсетуге болады. Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди тақырыппен байланысты BRICS елдерінің өзара бір несие бағалау мекемесі құру тақырыбында келіскенін мәлімдеді. Басшылар сондай-ақ еуропалықтардың Халықаралық валюта қоры «IMF» басқару кеңесіндегі екі орынды даму жолындағы елдерге бөлуін талап етті.

Моди баспасөз мәлімдемесінде BRICS елдерінің ортақ бір ауылшаруашылығы зерттеу орталығы мен темір жолы желісі құру тақырыбында да келіскенін білдірді.

BRICS Израиль-Палестина келіспеушілігі тақырыбында да БҰҰ шешімдеріне сілтеме жасап, екі мемлекетті бір шешімге және Шығыс Иерусалимнің Палестинаның астанасы ретінде танылуына назар аударды.

BRICS саммиті басшылары фотосуретке түскен кезде түрлі түсті көкірекшелер киді. Путин киген көк көкірекшенің «күш және жамандықпен күрестің» символы екенінің атап көрсетілуі BRІCS елдерінің Ресейді батыс елдеріне қарсы өздерінің «қалқаны» ретінде қабылдағандарын көрсетеді. Өйткені басқа басшылар киген көкірекшелер одан жеңіл және жасампаз мағыналарға келетін. Путин баспасөз жиналысында Ресей мен АҚШ ынтымақтастығы жайында «АҚШ-тық партнеріміз бізбен жұмыстанғысы келсе жұмыстанармыз. Жұмыстанғысы келмесе бізге де керек жоқ» деді. Ресей президенті Мәскеудің АҚШ-пен келіспеушілікті қаламағанын, алайда мұның Вашингтон әкімшілігінің шешімі екенін атап көрсетті.

Ресей президенті сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер арасында арнайы, тарихи және НАТО елдеріне қарағанда терең ынтымақтастық бар екенін атап, мұның міндетті түрде назарға алыну керектігіне назар аударды.

Саммитке қатысқан басшылар оңаша кездесулер өткізді. Қытай мен Ресей басшыларының бас қосуында басшылардың террормен күрес тақырыбында ұқсас ұстанымдарға ие екендігі, Орталық Азиядағы мәселелерге шетелдік интервенцияның қабылданбайтынын және террористтердің аймаққа кіруінің алдын алу үшін ынтымақтастық арттырудың шарт екені атап көрсетілді.

Си Цзиньпин мен Нарендра Модидің оңаша кездесуінде Моди Қытай мен Үндістанның 21-ші ғасырдың Азияның ғасыры болуы үшін бірігу керектігін атап, Қытаймен жоғары деңгейдегі байланыстарын жалғастыру арқылы BRICS пен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымынан бастап, көп тарапты ынтымақтастықты күшейтуге дайын екендерін білдірді.

8-ші BRICS саммиті себепті 17-ші Ресей-Үндістан саммиті болса Ресей президенті Владимир Путин және Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди басшылығында өтті. Екі басшының кездесуінің артынан Мәскеу және Жаңа Дели арасында S-400 әуе қорғаныс жүйесі жөніндегі келісімге қол қойылды. Әскери технология саласында қол қойылған тағы бір үкіметаралық келісімге қарағанда Ресейдің Үндістан үшін 11356 жобасына фрегаттар өндіретіні нақтыланды. Сондай-ақ екі ел Ka-226T типі тікұшақтардың өндірісі үшін ортақ фирма құрады. Моди мен Путин видео конференция арқылы Куданкулам Атом қуат стансасының екінші бөлімін іске қосып, осында салынатын 3-ші және 4-ші бөлімдерінің іргетасы қаланды. Стансаның жалпы 5 бөлімнен тұруы жоспарлануда.

Путин Модимен әңгімесі барысында одан ықпалды жұмыс істеуі үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіне Үндістанның тұрақты мүше ретінде қосылуына қолдау бергенін атап көрсетті. Сондай-ақ Еуразия экономикалық одағы мен Үндістан арасында еркін сауда аймағы құру жөніндегі келіссөздер желтоқсан айында басталмақ.

Саммит аясында Үндістанның астанасы Жаңа Делиде биыл алғаш рет BRICS Фильм Фестивалі ұйымдастырылды. BRICS мүшесі елдер қатысқан фестиваль аясында 20 кинофильм жарысты. Келесі жылы 9-шы BRICS саммиті Қытайда өтеді.

Жаһанданған әлем поляризациялау мен аймақтық ұйымдастық түсінігіне көшу процесіне кірді. Үндістан да Еуразия аймағы жағрапиясының басшылық жасайтын елдері ретінде Қытай және Ресеймен ынтымақтастық жетілдіруде. BRІCS Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы сияқты аймақтардағы ұйымдар күшейген сайын шығыс пен батыс арасындағы қызу артатын болады. «BRICS»-тің күшеюі адамзаттың тыныштығына қызмет ете ме, әлде поляризацияны одан да күрделендіре ме қазірше мұны айту қиын. Бірақ бұдан кейін шығыс пен батыс арасындағы ынтымақтастықтың бұрынғыдай жалғаспайтыны анық.



Ұқсас жаңалықтар