Еуразия тынысы - 40

Ресей және Белоруссиядағы сайлаулар

592903
Еуразия тынысы - 40

11 қыркүйек күні Белоруссияда парламенттік сайлау өтті.  Ел көлемінде 6 мың 18 сандықта дауыс қолданылды. 110 орынды Өкілдер мәжілісі үшін 484 кандидат бақ сынасты.  Белоруссиядағы сайлауды Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан 333, Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан 341, Еуропа парламенттік мәжілісінен 39, Еуропа Кеңесі парламенттік ассамблеясынан 19, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымынан 9 бақылаушы бақылады.

Белоруссия Орталық Сайлау комитеті төрайымы Людмила Ермошина баспасөз брифингінде сайлауға тіркелген сайлаушылардың 74,8 пайызының қатысқанын білдірді.  Ел көлемінде 5 миллион 212 мың 745 адамның сайлауда дауыс қолданғанын білдірген Ермошина сайлау нәтижесінде парламенттегі 110 орынның иелерінің белгілі болатынын атап көрсетті. Белоруссия Либерал демократ партиясы 1, Белоруссия Отан сүйгіштер партиясы 3, Біріккен азаматтық партия 1, Республикалық еңбек және әділет партиясы 3, Белоруссия Коммунистік партиясы 8 депутатпен парламентте міндет атқарады.

Қалған депутаттар тәуелсіз түрде жұмыс істейді.

Басқа бір парламенттік сайлау бір аптадан кейін 18 қыркүйек күні Ресей Думасы үшін өткізілді. Ресей Орталық сайлау комитетінің деректеріне қарағанда ел көлемінде 109 миллион 737 мың тіркеулі сайлаушы 95 мың сайлау округында дауыс қолданды.  Дума сайлауына сайлаушылардың 47,8 пайызы қатысты.

Ресей Орталық сайлау комитетінің сайлау қорытындыларына қарағанда Единая Россия партиясы 54,28, Коммунистік партия 13,45,  Либерал демократ партия 13,24 және Әділ Ресей партиясы 6,7 пайыз дауыс жинады. Қалған партиялар 5 пайыз шектемеден асып түсе алмады. 2011 жылғы соңғы сайлауда Единая Россия партиясы 49,3, Коммунистік партия 19,9, Әділ Ресей болса 13,2,  Либерал демократ партия 11,6 пайыз дауыс алған еді. Айырықша Думаға тәуелсіз бір депутат, тар аймақтан сайланған екі партия кандидаты кірді.  Осылайша Единая Россия 450 орынды Думада 343 депутатқа ие болды.

Биыл сайлау жүйесіне енгізілген өзгеріс себебімен Думадағы 450 орынның жартысы партиялардың жинаған дауыстарына қарай,  қалған жартысы да тар аймақ жүйесімен ең көп дауыс алған кандидаттарға қарай анықталды.  Тар аймақ сайлауында 225 аймақтың 203-інде Единая Россия партиясы кандидаттары жеңіп шықты.  Сайлауға сайлаушылардың аз қатысуы және жаңа жүйе қолданылуы Единая Россия партиясының Дума сайлауында табысты болуына себеп болды.

                                                  **

  Ресейде 4 желтоқсан күні өткізілуі жоспарланған сайлаудың ерте яғни 18 қыркүйекте өткізілуі сайлауда қатысудың төмен деңгейде болуының бір себебі ретінде көрсетіліп отыр.  Кейбір сарапшылардың айтқанына қарағанда оппозиция табысты болатынына сенбегендіктен сайлауға қатыспады.  Бұл жолы Ресейдегі парламенттік сайлауда сайлау бөгеті 7 пайыздан 5 пайызға шегерілді.  Единая Россия партиясы 450 орынның 343-ін жеңіп алып,  Думада Атазаңды өзгерту үшін қажетті көпшілікке ие болды. Қырым Бас прокуроры Наталия Полонская және Ресейдің бұрынғы бас дәрігері Геннадий Оннишенко сынды қоғам жақсы танитын көптеген тұлға Единая Россия партиясынан Думаға депутат болды. Ресейдің әлсіз оппозициясы осы сайлаудан кейін партия басшыларын қайта талдай бастайды.

Белоруссияда өткен парламенттік сайлауда болса Бірлескен азаматтық партиясынан Анна Конопаская мен Белоруссия Тіл қоғамы ұйымының басшысы Елена Ансим соңғы 20 жылда Өкілдер мәжілісіне кірген оппозиция депутаттары болды. Бұл жағдайды мамандар экономикалық дағдарыс салдарынан табысы азайған және Ресейге жүргізілген эмбарго жағымсыз әсер еткен Белоруссияның батыспен қатынастарын жұмсартуы деп пайымдады.

Ресей Федерациясы мен Белоруссия Республикасында болған парламенттік сайлаудың қорытындысына қарап,  осы елдердегі саясаттың өзгермей жалғасатынын айтуға болады.



Ұқсас жаңалықтар