Түркия-Қырғызстан инвестиция және іскер форумы

Еуразия тынысы 05

435257
Түркия-Қырғызстан инвестиция және іскер форумы

2016 жылы 21-22 қаңтар күндері арасында Анкарадағы Түркия палаталар және биржалар одағының егіз мұнарасында Түркия-Қырғызстан Сауда және инвестиция форумы болып өтті. Түркия-Қырғызстан Сауда және инвестиция форумының ашылу салтанатына Қырғызстан Экономика министрі Арзыбек Қожошев, Түркия Кеден және Сауда министрі Бүлент Түфенкчи, Түркия палаталар және биржалар одағы төрағасы Рифат Хисаржыклыоғлу, Қырғызстан Сауда және өнеркәсіп палаталар одағы төрағасы Марат Шаршекеев және Қырғызстанның Анкарадағы өкілетті және төтенше елшісі Ибрагим Жүнісов қатысып баяндама жасады. Форумға Қырғызстаннан 150, барлығы 400-ден астам іскер қатысты.

Түркия Республикасы Кеден және сауда министрі Бүлент Түфенкчи ашылу баяндамасында Қырғызстанның Орталық Азиядағы түркі елдері арасында экспорты ең жылдам өскен ел екенін атап айтты. Түркия палаталар және биржалар одағы төрағасы Рифат Хисаржыклыоғлу болса Қырғызстанның Қытайдың альтернативті өту бағытында орын алуының таптырмас бір мүмкіншілік екеніне назар аударды.

Баяндамалардың артынан Қырғызстан Сауда және өнеркәсіп палаталары одағы мен Түркия палаталар және биржалар одағы, Таяу Шығыс өнеркәсіп және сауда орталығы, Шағын және орта мөлшерлі кәсіпорындарды жетілдіру және қолдау басқармасымен келісімдерге қол қойылды.

21-22 қаңтар күндерінде қырғыз іскерлер түрік іскерлермен оңаша кездесті. Кездесулерде кейбір келісімдерге қол қойылды.

Түркия-Қырғызстан Сауда және инвестиция форумы аясында қырғыз іскерлерге Шағын және орта мөлшердегі кәсіпорындарды жетілдіру және қолдау басқармасы және Таяу Шығыс өнеркәсіп және сауда орталығы жайлы ауқымды брифинг берілді.

Қазір Қырғызстанда 300-ге жуық түрік, Түркияда болса 100-ден астам қырғыз фирмасы әртүрлі салаларда жұмыс істейді. Түрік фирмалары 5 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етуде. Түркиядан Қырғызстанға салмақты түрде өнеркәсіп өнімдері экспортталып, Қырғызстаннан Түркияға көбіне егіншілік өнімдері импортталады.

Анкарада жүзеге асқан Түркия-Қырғызстан Сауда және инвестиция форумы көптеген тұрғыдан маңызды және қажетті болып табылады. Біріншіден Қырғызстаннан тұңғыш рет 100-ден астам іскер тобы Түркияға келді. Бұл жағдай екі жақты экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бір тұғырға көтерілгенін көрсетеді. Бұл қалың делегацияның Түркия палаталар және биржалар одағы, Таяу Шығыс өнеркәсіп және сауда орталығы, Шағын және орта мөлшерлі кәсіпорындарды жетілдіру және қолдау басқармасы туралы егжей-тегжейлі мағлұмат алып, олардың атқарған жұмыстарын орнында қадағалауы және Қырғызстан әкімшілігінің бұл құрылымдарды еліне де көшіру ынтасы екі жақты және аймақтық ынтымақтастық тұрғысынан маңызды. 1 миллион 200 мыңнан астам мүшесі бар Түркия палаталар және биржалар одағы мен құрамында 5 мың 200 фирма орын алған Таяу Шығыс өнеркәсіп және сауда орталығы тек қана Қырғызстан үшін емес, барлық аймақ елдері үшін үлгі аларлық деңгейде. Қазақстан бірнеше жыл бұрын аталмыш салаларда Түркиямен ынтымақтастығын бастаған болатын.

Иран санкциялардан құтылған, Ресей-Түркия ынтымақтастығы дағдарысты және жаһандық экономикалық дағдарыс жалғасқан бір кезеңде Орталық Азия елдері Түркиямен ынтымақтастықты одан әрі жетілдіруге мәжбүр. Түркия-Қырғызстан Сауда және инвестиция форумының басқа елдерге де үлгі болуын тілейміз.



Ұқсас жаңалықтар