Еуразия тынысы 100

Украинадағы соңғы жаңалықтар

395875
Еуразия тынысы 100

25 қазан күні жергілікті сайлау өткізген Украинада тәртіп орнай бастады. Жергілікті сайлауға Украинаның шығысындағы аймақтар қатыспаса да, жалпы алғанда сайлаудың табысты өткенін айтуға болады. Сондай-ақ Нормандия төрттігінің талпыныстарымен іске қосылған атысты тоқтату кейде кішігірім мәселелер болып жатса да жалғасуда. Алдымен Украинада соңғы бір айдың ішінде жүзеге асқан маңызды оқиғаларға көз жүгіртейік.
Украина мен Ресей арасында тікелей рейстер 25 қазан күнінен бастап тоқтатылды. Тараптар тікелей рейстердің қайта басталуын қаласа да, Украинаның келіссөздерді қайта бастау үшін Ресейдің Қырым рейстерін тоқтатуын талап етуі мәселенің жақын арада шешімін қиындатады.

Украинадағы соңғы жаңалықтар

Минск келісіміне сәйкес қаруларды кері шегу кезеңі 12 қараша күні аяқталды.
Украина парламенті Рада 12 қараша күні 1944 Қырым татар қуғынының геноцид ретінде танылуын қамтитын №2493 шешім жобасын қабылдады. 245 депутат бұл шешімді қабылдау жөнінде дауыс берді. Украина президенті Петр Порошенко сол күні «Ашық қоғам» қорының құрушысы танымал миллиардер Джорж Соросқа «Еркіндік» орденін табыс етті.
Қараша айында Ресей және Украина арасында Украинаның Ресейге деген 3 миллиард долларлық қарыз дағдарысы соңғы сатыға жетті. Тақырыппен байланысты Украина премьер-министрі Яценюк «мараторий жариялаймыз» деп қорқытса, ресейлік лауазымдылар қарыздың Еуроодақ кепілдігімен қайта реттеле алатынын мәлімдеді.
15-16 қараша күндерінде Анталияда жүзеге асқан Үлкен 20 елдері саммитінде басшылар Украина мәселесінде пікір алмасты. Саммиттің жабылу отырысында сөз алған Ресей президенті Владимир Путин Украинаның қарызының IMF тарапынан төленуі ұсынысын жасады.

Украина президенті Петр Порошенко 17 қараша күні шетелдік әскерлердің Украинада жүзеге асатын ортақ әскери жаттығуына қатысуы жөніндегі заңды бекітті. НАТО лауазымдылары Украина армиясын жаттықтыруды жалғастыруда.

Украинадағы соңғы жаңалықтар

Ресей Экономика министрі Алексей Улюкаев 18 қараша күні Украинадан 1 қаңтар күнінен бастап, азық-түлік сатып алуды тоқтататындарын мәлімдеді. Тақырыппен байланысты мәлімдеме жасайтын Порошенко украин тауарлары үшін Еуроодақ нарығына қол жеткізу жағдайын жетілдіру арқылы Украинаның Еуроодақ елдеріне экспортына қолдау берілуін талап етті.
Украина президенті 19 қараша күні паспорттарда орын алған орысша жазулардың ағылшын тілімен өзгертілетінін жариялады.
Украина Бас Штаб Басқармасы 20 қараша күні елдің шығысындағы Донбасс аймағында әскери операция басталғалы 2 мың 673 украин әскеринің қаза тапқанын, 8 мың 500-ден астам әскердің болса жарақат алғанын жариялады. Біріккен Ұлттар Ұйымымағлұматтарына қарағанда, аймақта қазірге дейін жалпы қаза тапқандар саны 8 мың адам.
Украина 22 қараша күні Қырымға электр беруін тоқтатты. Қырым елбасы Сергей Аксеновболса Қырымға электр беруді тоқтатқан Украинаның елдегі электр тарату нарығына ешқашан қайта кіре алмайтынын атап көрсетті.
2013 жылы 21 қараша күні Украинада Евромайдан оқиғалары басталып, 94 күннің соңында Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович елді тастап кетуге мәжбүр болған еді. Өткен 2 жылдық мерзім украиналықтар үшін оңай болған жоқ. Қазірдің өзінде елді талай мәселе күтіп отыр.
Соңғы бір айдың ішінде болған оқиғалар баршаның қай тарапта екенін одан да нақты түрде көрсетеді. Ресей-Украина арасындағы ынтымақтастық біртіндеп үзіліп жатыр. Украина батысқа интеграция болуға табанды көрінеді. Дегенмен батыс Украинаны құрамына қосу үшін әлі дайын емес сияқты.



Ұқсас жаңалықтар