Премьер-министр Бинали Йылдырымның Ресей сапары

Еуразия тынысы-51

636588
Премьер-министр Бинали Йылдырымның Ресей сапары

Ардақты тыңдаушылар, сіздер, Түркия үні радиосының «Еуразия тынысы» атты бағдарламасын тыңдап отырсыздар. Бүгінгі бағдарламада Премьер-министр Бинали Йылдырымның Ресей сапары жайлы баяндап береміз.

Түркия Республикасы премьер-министрі Бинали Йылдырым 6 желтоқсан күні Ресейге ресми сапармен барды. Премьер-министр алдымен Мәскеу халықаралық байланыстар институтында студент, мұғалім , ғалым және бюрократтармен кездесті және қатысушыларға «Осы географияның қалай болатынына бір шешім жасай аламыз» деген үндеу тастады.

Йылдырым одан кейін Ресей парламентінің жоғарғы қанаты Федерация Кеңесі төрағасы Валентина Ивановна Матвиенкомен кездесті. Кездесуде екі ел парламенттер арасы қарым-қатынастарын қайтадан дамыту тақырыбын қолға алды.

Премьер-министр Бинали Йылдырым Матвиенкомен кездескеннен кейін Мәскеу маңындағы премьер-министрлік ғимаратында Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевпен бас қосты. Екі жақты қарым-қатынастарды қолға алған екі премьер-министр журналистердің сұрақтарына жауап берді. Баспасөз мәслихатында екі жақты байланыстардың дамытылатынын баяндаған премьер-министр Йылдырым кездесу барысында қорғаныс және ғарыш саласында жаңа жобалардың күн тәртіпке келгенін баяндады. Йылдырым «Түркия мен Ресей арасындағы энергия саласы өте маңызды. Түрік ағыны келісімі Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісі жалпы кеңесінде бекітілді. Енді Думаның шешімін күтудеміз. Табиғи газ бағаларын төмендету мәселесі бар. Аккуй атомдық станциясының кешікпей тамамдалуы тақырыбы да күн тәртіптердің арасында» деді.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев болса «Қиын кезеңнен кейін сауда-экономикалық және мәдени саладағы көптеген тақырыпты ауқымды түрле талқылаймыз. Сауда қатынастар біраз тоқтады.  Бірқатар ортақ жобамыз бар,  осы жобаларды қайтадан іске асыру керек деп шештік» деді.

Премьер-министр Бинали Йылдырым ең соң Ресей президенті Владимир Путин тарапынан Кремль Сарайында қабылданды. Путин Түрік ағыны жобасын бекіткеніне орай Президент Режеп Тайып Ердоғанға алғыс айтты.

Түркия премьер-министр Ресей сапары аясында Мәскеуден Қазанға барды. Татарстан президенті Рустам Минниханов премьер-министр Йылдырымды әуежайында қарсы алды. Лидерлер Қазан Кремль Сарайында кездесті.

Йылдырым Татарстанда Түрік-Татар Бизнес Форумына қатысты және Садри Максуди Арсал ескерткішінің беташарын жасады. Түрік делегациясы Қазандағы Құл Шериф мешітін зиярат етті. Йылдырымның Татарстан сапары барысында президент Рустам Миннихановтың 14-15 желтоқсан күндері аралығында Түркияға сапарлай келетіні жарияланды.

Премьер-министр Бинали Йылдырым Ресейге қатты дайындықпен барды. Йылдырым Ресейге сапарлай барудан бұрын Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінен өткен «Түрік ағыны» жобасын бекітті. Сонымен қатар Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде Түркия-Ресей парламенттер арасы достық тобы құрылды және достық тобының төрағалығына Маниса депутаты Режай Бербер тағайындалды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Йылдырымның зияраты қарсаңында Анталияда Мәвлүт Чавушоғлұмен кездесті.

Премьер-министр Бинали Йылдырымның Ресей сапары Түркияның Ресеймен қарым-қатынастарын жоғарғы деңгейге көтеру ынтасы тұрғысынан өте маңызды. Келесі жылы өткізілетін Түркия-Ресей жоғарғы деңгейдегі ынтымақтастық кеңесі жиналысының дайындықтары үшін де өте пайдалы.

Сапар аясында екі ел арасында алпауыт жобалар үшін алдымыздағы жыл ортақ инвестиция қорының құрылатыны белгілі болды. Құрылатын қордың екі жақты байланыстардың дамытылуы тұрғысынан өте маңызды. Екі ел арасындағы ынтымақтастықты орта мерзімде дамыту үшін дайындалып жатқан 2017-2020 ынтымақтастық бағдарламасы келесі жылы өткізілетін Түркия-Ресей жоғарғы деңгейдегі ынтымақтастық кеңесі жиналысында бекітіледі.

Өзара барлық тыйымдардың күшінен қалдырылуы, мүмкіндіктің барынша қысқа уақытта жүзеге асырылуы керек. Бұлар жасалмай, екі жақты қарым-қатынастардың жоғарғы деңгейге көтерілуі де мүмкін емес. Сонымен қатар Түркия Еуразия экономика одағымен де байланыстарын дамытуы керек. Еркін сауда аймақтарының құрылуы, түрік лирасымен сауданың жасалуына мүмкіндік жаратады.

Ресей мен Түркия арасында табиғи газ саласында кейбір мәселенің болғаны байқалуда. Табиғи газ бағасындағы келіспеушілік сынды мәселелер шешімін тауып, Түрік ағыны жобасының алдын ашу керек.

Ресей-Түркия ынтымақтастығында Татарстанның ерекше бір орны бар. Татарстанның екі жақты байланысындағы маңызы «Ұшақ дағдарысы» процесінде тіпті айқын байқалды. Барлық кедергілерге қарамастан Татарстан осы процесте табанды тұғыр көрсетті. Татарстан Ресей мен Түркия арасындағы мызғымас көпір болып табылады.

 


Этикеттер: #Ресей , #Мәскеу , #Түркия

Ұқсас жаңалықтар