Еуразия тынысы 99

Пәкістанның Еуразия саясаты

422336
Еуразия тынысы 99

Пәкістан Ислам Республикасы соңғы жылдары солтүстігіндегі елдермен ынтымақтастығын жетілдіру үшін талпыныстарын жалғастыруда. Екі полярлы әлемде батыс елдері мен одақтас Пәкістанның сыртқы саясатын өзгертуінде жаһандық және аймақтық жаңалықтар септігін тигізеді. Пәкістанның жалпы Еуразия әсіресе де Орталық Азия мемлекеттеріне қарсы артып отырған қызығушылығының саяси, экономикалық және қауіпсіздікпен байланысты себептері бар. Алдымен соңғы кездері Пәкістанның Еуразия елдерімен Орталық Азия мемлекеттеріне қарсы байланыстарындағы алға шыққан жаңалықтарға көз жүгіртейік.

Пәкістанның Еуразия саясаты

2015 жылы наурыз айында Пәкістан мен Қытай арасында 46 миллиард долларлық ондаған келісімге қол қойылды. Жасалған келісімдердің көпшілігі аймақтық өркендеуді мақсат етеді.
Пәкістан премьер-министрі Наваз шериф 20-22 мамыр күндерінде Түрікменстан, Тәжікстан және Қырғызстанға ресми сапармен барды. Бұл сапарда ондаған екі жақты және аймақтық ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.
РФ Башқұртстан Автономиялық Республикасының бас қаласы Уфа қаласында 9-10 шілде күндері ұйымдастырылған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитінен Пәкістан мен Үндістанның ұйымға толық мүшелік кезеңінің басталуы жөнінде шешім шықты. 29 қазан күні Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Үндістан мен Пәкістанның ұйымға қатысуының жол картасын дайындады және мүше мемлекеттердің назарына ұсынды.
2015 жылы 16 қазан күні Ресей мен Пәкістан Карачиден Лахорға дейін созылатын құбыр желісінің құрылысы жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл жобаның жүзеге асырылуына орыс "RT-Глобальные Ресурсы" (Жаһандық ресурстар) фирмасы жауапты болады.
Пәкістан премьер-министрі Наваз Шериф пен Белоруссия премьер-министрі Андрей Кобяков 10 қараша күні Исламабадта екі жақты сауда ынтымақтастығын жетілдіруді нысанаға алған 18 келісім-шартқа қол қойды. Журналисттерге мәлімдеме жасаған Кобяков екі елдің сауда ынтымақтастығын 1 миллиард АҚШ долларына жеткізуді нысанаға алғандарын білдірді.
Тәжікстан президенті Имамали Рахман 12 қараша күні Пәкістанға ресми сапар ұйымдастырды. Тәжікстан президенті Исламабадта Пәкістан премьер-министрі Наваз шериф және мемлекет басшысы Мемнун Хүсейинмен басқосты. Рахман мен шериф энергия, өнеркәсіп, сыртқы істер, білім беру тақырыпты 8 хаттамаға қол қойды. Басшылар Тәжікстаннан Пәкістанның Лахор, Карачи, Файсалабад қалаларына тікелей рейстерді бастаумен байланысты келіссөздер жүргізді. Рахман мен шериф екі ел арасындағы сауда көлемін алдымыздағы 3 жылдың ішінде 500 миллион долларға жеткізу тақырыбында келіскендерін жариялады.
Шығыны 7 миллиард 600 миллион доллар болған «TAPİ» құбыр желісі құрылысы 13 қараша күні Түрікменстаннан бастады. 1 мың 735 шақырым қашықтықтағы табиғи газ құбыр желісі Ауғанстанның Херат-Кандахар қалаларынан өтіп, Пәкістанның Куэтта мен Мелтон қалаларына ұласады және сол жерден Үндістан мен Пәкістан арасындағы Фазилка қалаларында аяқталады.

Пәкістанның Еуразия саясаты

Келесі жылы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше болатын Пәкістан Ислам Республикасы солтүстігіндегі елдермен ынтымақтастығын ең жоғарғы деңгейде жалғастырғысы келеді. Пәкістанның әрі Қытай және Ресей, әрі Орталық Азия мемлекеттерімен екі жақты ынтымақтастығы дамуда. Ауғанстан дағдарысы Пәкістанмен көршілерін бір-біріне жақындатады. Энергия және шикізат тақырыптарында сыртқа бағынышты Пәкістан бұл кемшілігін Орталық азия елдерінің қолдауымен жапқысы келеді. Қазір аймақтық және халықаралық жағдай Пәкістанның солтүстіктегі көршілерімен ынтымақтастығын стратегиялық деңгейге көтеруге ыңғайлы.
Орталық Азия елдері болса Пәкістан арқылы жылы теңіздерге шығуға мүмкіндік табуы мүмкін. Орталық Азия елдері Пәкістанның Азия парламенті құру бастамасына қолдау көрсету арқылы Пәкістанмен ынтымақтастықты жетілдіруге ашық ниеттерін ортаға қояды. Пәкістан,Қытай, Қырғызстан және Қазақстан арасында қол қойылған төрттік қатынас келісімі, CASA-1000, TAPİ жобалары арқылы Пәкістанның аймақпен ынтымақтастығын одан әрі жалғастыратын шығар.



Ұқсас жаңалықтар