Еуразия тынысы 97

Жапония премьер-министрінің Орталық Азия сапары - 2

365368
Еуразия тынысы 97

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ 22 қазан күні басталған Орталық Азия сапары аясында Қырғызстанның бас қаласы Бішкекке барды. Қырғызстанға тұңғыш рет ресми сапар ұйымдастырған Абэ Манас халықаралық әуе жайында премьер-министр Темір Сариев тарапынан қарсы алынды. Басшылар кейін оңаша кездесті. Кейін Жапония премьер-министрі Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев тарапынан қабылданды. Келіссөздердің артынан екі ел арасында Қырғызстанда құрлық жолдары мен Бішкекәуежайының шарттарын жақсартуға қатысты және ауылшаруашылығы салаларында келісімдерге қол қойылды.
Жасалған келісімдерге қарағанда 2016 жылы Жапония мемлекеті Қырғызстанға Манас халықаралық әуежайын жаңарту үшін 16 миллион доллар қаржылай қолдау береді. Осыған қоса 1.5 миллион доллар ауылшаруашылығы саласы мен 117 миллион доллар Ош-Баткен-Исфахан трассасының жаңадан салынуы үшін қаржы жұмсайды. Абэнің сапары аясындаҚырғыз-жапон іскер форумы да ұйымдастырылды.
Абэ Қырғызстанның артынан Қазақстанға өтті.

Жапония премьер-министрінің Орталық Азия сапары - 2

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан Астанада қабылданды. Әрі Назарбаев пен Абэнің оңаша кездесуінде, әрі делегация аралық келіссөздерде екі ел арасындағы ынтымақтастық пен Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығын нығайту тақырыптары қолға алынды.
Қазақстан мен Жапония арасында 700 миллион долларлық 6 жобаның жүріп жатқанын атап көрсеткен Назарбаев екі ел арасында тағы 10 жаңа жобаны жүзеге асыруды жоспарлағандарын атап көрсетті. Назарбаев Абэнің Орталық Азия турын «дәл кезінде жасалған маңызды бір сапар» екеніне назар аударды.
Келіссөздердің артынан екі ел арасында «стратегиялық ынтымақтастықты жетілдіру», «ядролық сынақтарға ауқымды түрде тыйым салу», «қаржы қылмыстары мен заңсыз ақша ағымының алдын алу» тақырыптарында ынтымақтастық хаттамалары сияқты 14 салада келісімдерге қол қойылды. Екі жақты және делегация аралық келіссөздердің артынан Назарбаев пен Абэ ортақ баспасөз мәслихаты ұйымдастырды.
Екі ел арасындағы келіссөздерге назар аударған Абэ Жапонияның Қазақстанда АЭС станциясын құрғылары келгенін білдірді. Абэнің сапары аясында Қазақстан-Жапония іскер форумы ұйымдастырылды. 28 қазан күні Жапония премьер-министрі Орталық Азия сапарын аяқтады.

Жапония премьер-министрінің Орталық Азия сапары - 2

Жапонияның Орталық Азияға деген қызығушылығы XX- ғасырдың бастарына дейін барады. Сол кездерде аймақтың мықты елі болған Жапония империясы «Үлкен Азия» жобасы аясында Орталық Азияға қызығатын. II- Дүниежүзілік соғыста Жапонияның жеңілуі кері қадам басуына себеп болған еді.
Жаңа кезеңде Жапония – Орталық Азия арасындағы ынтымақтастығына «1992 -1996», «1996 – 2001», «2001 – 2004» және «2004 – 2011» жылдары боп 4 сатыда көз жүгіртуге болады. Басқаша айтқанда Жапония Орталық Азия мемлекеттеріне жайлап жылына бастады. Алғашқы сатыда Жапония Орталық Азия мемлекеттерінде өкілдіктерін ашса, Ресей және Қытай басшылық жасаған Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы Жапонияның «Жібек жолы дипломатиясын» іске қосуға мәжбүрледі. Кейін болса АҚШ-тың Ауғанстанға кіруі Жапонияның қайтадан бұл аймаққа көңіл бөлуіне себеп болды.

Жапония премьер-министрінің Орталық Азия сапары - 2

2004 жылы Орталық Азия мен Жапония келіссөздері жарияланып, осы күнге дейін табысты түрде жұмыстарын жалғастырып келеді. Сол жылы Жапонияның премьер-министрлік қызметін атқарған Койзуми Орталық Азия елдеріне тұңғыш сапарды ұйымдастырды.Койзумидің сапарынан 11 жыл өткен соң тағы бір жапон премьер-министрі аймаққа келді.
Жапонияның аймаққа деген қызығушылығының алғашқы себебі - аймақтағы табиғи ресурстар мен энергия көздері. Сондай-ақ соңғы жылдары Жапония аймақтың стратегиялық маңызын одан жақсы түсінген. Дегенмен Жапония өткен 24 жылдың ішінде аймақта Ресей мен Қытайдың алдына өте алмады. Премьер-министр Синдзо Абэнің осы сапары аймақтағы тұғырын күшейту тұрғысынан жаңа бастамаларға басшылық жасай алады.



Ұқсас жаңалықтар