Еуразия тынысы 91

Анталияда өткен Әзірбайжан, Түркия және Түрікменстан сыртқы істер министрлер жиналысы

375885
Еуразия тынысы 91

Бағдарламамыздың бүгінгі бөлімінде Анталияда өткен Әзірбайжан, Түркия және Түрікменстан сыртқы істер министрлер жиналысы жөнінде сөз қозғаймыз.
**
Әзірбайжан, Түркия және Түрікменстан сыртқы істер министрлері 28 тамыз күні үштік жиналыстарының үшіншісін өткізді. Әзірбайжан сыртқы істер министрі Елмар Мемедияров, Түркия сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мен Түрікменстан сыртқы істер министрі Рашид Мередов Анталияда бас қосты. Жиналысқа үш елдің сыртқы істер министрліктерінің өкілдері де қатысты.
Үштік жиналыс қарсаңында екі жақты кездесулер өткізілді. Үш министр бөлек-бөлек екі жақты қатынастар жөнінде көзқарас алмасты. Артынан үштік жиналыс өткізілді.
Жиналыста бауырлас үш ел арасындағы қатынастардың қазіргі ахуалы, экономикалық және сауда қатынастарының жетілдірілуі, энергия, аймақтық мәселелер, террормен күрес және қазан айында Түрікменстанда болатын үштік саммит тақырыптары қолға алынды. Айырықша тараптар қатынас саласындағы ынтымақтастықтың дамытылуы және үш елдің осы саладағы әлеуетінің толық мағынада қолданылуы мақсатымен «Ауғанстан-Түрікменстан-Әзірбайжан-Грузия-Түркия» қатынас дәлізінің қалыптастырылуын талқылады.

2015-2017 жылдарын қамтыған шеңбер бағдарлама қолға алынды. Баку мен Ашғабадта өткен жиналыстарда қабылданған шешімдер қаралған жиналыстың аяғында ортақ ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды. Рәсімнен кейін министрлер баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз мәслихатыда сөз сөйлеген Түркия сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу "Осы үштік жиналыста үш елге қатысы бар саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және аймақтық тақырыптарды қолға алдық. Әсіресе энергия қауіпсіздігі, қатынас, теміржолы, құрлық жолы сынды көптеген тақырыпты достық атмосферасында талқыладық. Мақсатымыз осы маңызды тақырыптарда аймақтық билікті нығайту, Ашғабадта қабылданған шешімдер нәтижесінде қалған министрлер арасында да келіссөз жүргізілді және бұл кездесулер жалғасады" деді.
Әзірбайжан сыртқы істер министрі Елмар Мемедияров та осы кездесудің тек үш ел емес, аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін өте маңызды екенін, туризм тақырыбында әрі Түрікменстан, әрі Әзірбайжанның туризмінің өріс алғанын және осы тақырыпта Түркияның тәжірибесін пайдаланатындарын білдірді.
Түрікменстан сыртқы істер министрі Мередов болса "Бүгін туризм және спорт саласында ынтымақтастықтың дамытылуына бағытталған көзқарастарды бөлістік. Үштік форматта бұдан былай да шеңбер бағдарламасын жалғастырамыз" деді. Түрікменстан сыртқы істер министрі ең үлкен мақсаттарының бірінің биылғы жылдың соңғы айларында Әзірбайжан мен Түркияның президенттерін Түрікменстанда қонақ қылу екенін айтты.
**
Біріншісі 2014 жылы 26 мамыр күні Бакуде, екіншісі 2015 жылы 29 қаңтар күні Ашғабадта өткен үштік жиналыстардың үшіншісі саммитке дайындық іспеттес өтті деуге болады. Қазан айында Түрікменстанда үштік саммит жүзеге асқан жағдайда Түркия мен Әзірбайжанның басшылығында бастатылған осы бастама толық мағынада мақсатына жетті деуге болады. Себебі күзде өтетін мемлекет басшылары үштік саммитінен аймаққа қатысты маңызды шешімдер шығып қалуы мүмкін.
Анталиядағы жиналыстың басқа бір ерекшелігі әсіресе қатынас және энергия тақырыптарына салмақ салуы болды. Қатынас және энергия бір-біріне байланысы бар тақырыптар және аталмыш үш ел батыс пен шығысты бір-біріне байланыстыру нүктесінде стратегиялық маңызға ие аймақта орналасқан. Каспий аймағының байлықтарының батысқа жеткізілуі немесе Түркияның Орталық Азияға қысқа жолдан жетуі осы үш елдің тығыз ынтымақтастығына байланысты. Оғыз Ханның немерелері бауырластықты барлық салада жетілдіру үшін табанды.



Ұқсас жаңалықтар