Еуразия тынысы - 84

Қырғызстанның ЕЭО-ға мүше болуы

340092
Еуразия тынысы - 84

12 тамыз күні Ресей, Армения, Қазақстан және Белоруссия қалыптастырған Еуразия экономикалық одағына Қырғызстанның тұрақты мүше болуын көздеген келісім күшіне енді. Қырғызстанның одаққа толыққанды мүше болуымен бірге тауар, қызмет, капитал және жұмыс күшінің еркін айналымы алдындағы кедергілер жойылды. Еуразия экономикалық одағының шекара қақпаларының Қырғызстанға ашылуына орай Қазақстан президенті Қырғызстанға барды және екі ел басшылары кеденнің ашылуы рәсіміне қатысты. Назарбаевтың сапары барысында Алматы мен Ыстықкөл арасындағы қатынасты жартылай қысқартатын жолдың құрылысы да қолға алынды.
Алдымен Қырғызстанның одағына мүше болу хикаясына көз жүгіртейік. Қырғызстан Еуразия экономикалық одаққа мүше болу үшін 2011 жылдың 11 сәуір күні өтінішін берді. Қырғызстанның одаққа мүше болуына байланысты келісімге 8 мамыр күні Мәскеуде қол қойылды. 20 мамыр күні қырғыз мәжілісі Жоғарку Кенеш аталмыш заңды мақұлдады. Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев осы заңды бір күннен кейін бекітті. Қырғызстан сыртқы істер министрлігі 29 шілде күні елдің ЕЭО-ға толыққанды мүше болуын қабылдайтын келісімді Армения, Ресей және Белоруссияның мақұлдағанын мәлімдеді.

Қырғызстан
Қырғызстанмен шекарасы бар Қазақстан болса арадағы шекара проблемалары талқыланғаннан кейін 5 тамыз күні Қырғызстанның Еуразия экономикалық одағына мүше болуын көздейтін келісімді мақұлдады.
Қырғызстанның аталмыш одаққа толыққанды мүше болуымен бірге Қырғызстан азаматтары Ресейде енді «босқын жұмысшы» деп аталмайды. Қырғызстан азаматтарының дипломдары да одаққа мүше елдерде өтімді болады. Қырғызстан азаматтары енді осы елдерде жұмыс істеу құқығына ие болады. Қырғызстанның одаққа толық үйлесуі үдерісінде кейбір жеңілдіктері болады.
Қырғызстан азаматтары жалпы бұл одаққа жылы қарайды.
Қырғызстанды құрамына алған Еуразия экономикалық одағы жағында болса істер ақсаңдап жүруде. Батыстың Ресейге санкциялары одаққа мүше елдерге тікелей әсер етеді. Экономикалық деректер ұйым ішіндегі экономикалық қатынастардың жақсы еместігін көрсетеді. Саясат қайраткерлері осы проблемаларды шешу үшін түрлі ұсыныстарын келтіруде.

Қырғызстан
Осы арада Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев 29 мамыр күні одақ ішінде ақша бірлігіне өтуді ойластыру керектігін тілге тиек етті.
Белоруссия сыртқы істер министрі Владимир Макей 29 маусым күні Еуроодақ пен Еуразиялық одақ арасында ортақ экономикалық алаң қалыптастырылуына байланысты үдерісті бастатуға дайын екенін жариялады.
10 шілде күні Уфада өткен Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммитінде сөз сөйлеген Владимир Путин болса Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің басшыларының Еуразиялық одақ пен Жібек жолы экономикалық белдеуі жобаларын бірлестіру пікірін жүзеге асыруға дайын екенін білдірген болатын. 27 шілде күні Қазақстан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Бүкіләлемдік сауда ұйымының басшысы Роберту Азеведу Қазақстанның аталмыш ұйымға қосылуы жөніндегі келісімге Женевада қол қойды. Белоруссия да осы ұйымға мүше болу үшін қадам басты.

Қырғызстан
Ресейде Еуропа және Азия құрлықтарында жұмыс істейтін Еуропа адам құқықтары сотына ұқсас Еуразия Адам құқықтары сотының құрылуы тақырыбы да талқылануда.
**
Еуразия экономикалық одағының болашағы Ресей мен Қытайдың қадамдарына байланысты деп айтуға болады. Осы аяда одақ пен Жібек жолы экономикалық белдеуі жобаларын бірлестіру тараптарға пайда келтіруі мүмкін. Батыстың Ресейге бағытталған санкциялары қысқа уақытта жойылмайтын болғандықтан, одаққа мүше елдерді экономикалық қатынастарын шығысы мен оңтүстігіндегі басқа елдермен жетілдіруі керек. Иранға жүргізілген санкциялардың жойылуы Еуразия экономикалық одағына жақсы әсер етуі мүмкін. Түркия да қазірден-ақ одақпен еркін экономикалық аймақ мәселесін шешуі керек. Қысқаша айтқанда Еуразия экономикалық одағына мүше елдерді алдағы жылдары қиын кездер күтіп тұр деуге болады.



Ұқсас жаңалықтар