Еуразия тынысы 82

Ұйғыр мәселесі

312882
Еуразия тынысы 82

Ораза айттың басталуымен ұйғырлардың мәселелері қайта күн тәртібіне келді. Осы мәселелер тек қана Шыңжаңда ұйғырларға жасалған Рамазан тыйымдарымен шектелмейді. Ұзақ мерзімнен бері аймақта әртүрлі себептерден адамдар өлтіріліп, лаңкестік оқиғалар жалғасады, шетелге қашқан ұйғырларды Қытайға кері қайтаруда. Қайтарылғандардың тағдыры болса беймәлім. Алдымен соңғы кездері ұйғырлардың мәселесімен байланысты кейбір оқиғаларға көз жүгіртейік. Хотан қаласында 14 мамыр күні бірінен соң бірі екі бөлек жанкешті шабуыл ұйымдастырылды. Тәуелсіз Азия радиосының жаңалықтарына қарағанда бір бақылау бекетіне екі шабуыл жасалды. Шабуылда 3 полиция барлығы 7 адам қаза тапты.
2015 жылы 22 маусым күні Қашқар қаласында Рамазан тыйымдарына қарсы наразылықтар артып, оқиғалар аймаққа тарады және 25 ұйғыр Қытай қауіпсіздік күштері тарапынан өлтірілді. Оқиғаларда 3 полицияның қаза тапқаны білдірілді.

* * *
24 маусым күні Қашқар қаласында полиция ең кемінде 15 ұйғырды өлтірді. Қытай полициясы ұйғырлардан тұратын бір топ шабуылдаушының пышақ және жарылғыштармен шабуылдағанын алға тартып, 3 полиция қызметкерінің өлтірілгенін жариялады.
Тәуелсіз Азия Радиосының Қытайдағы Сина хабар порталына сүйенген хабарына қарағанда Уча қаласында бір полиция бекетіне өрт бомбаларымен шабуылдаған және неше адам екендері белгісіз бір топ бақылау бекетінде бір полицияның өліміне себеп болды. Қытай полициясы берген қарсылықта 10 адам оқиға орнында қаза тапты.
2014 жылдың наурыз айынан бері Тайландта тұтқын ұйғырлардың алғашқы тобы Түркияға әкелінді. Әйел мен балалардан тұратын 173 адам 1 шілде күні Түркияға ұласты.
9 шілде күні Түркия Сыртқы істер министрлігі Тайландта тергеуге алынған 90 ұйғырдың Қытайға кері қайтарылуын қатаң түрде айыптады.
Президент Режеп Тайып Ердоғанның осы айдың аяғында Қытайға ресми сапармен баратыны атап көрсетілді.
* * *
Орталығы Вашингтондағы Ұйғыр адам құқықтары жобасы тарапынан жарияланған рапортқа қарағанда, 2014 жылы Шығыс Түркістанда өлтірілгендер саны 2013 жылымен салыстырғанда екі есе артты. 2014 жылы Шығыс Түркістанда шыққан оқиғаларда немесе Қытай қауіпсіздіктерінің қысымдары нәтижесінде 450-ден астам адам қаза тапты. Жоғарыда берілген оқиғалардан байқалғандай биылдың алғашқы алты айында да көптеген ұйғыр әртүрлі себептермен қаза тапты.
Ұйғыр мәселесінің шешімі бәрі бір ұйғырларға және аймаққа шетелден жасалатын инвестициялардан өтеді. Бұл мәселеге көңіл аударған шетелдік мемлекеттер Қытаймен қарым-қатынастарында өз мүдделері үшін пайдаланудың орнына аймаққа және ұйғырларға инвестициялар салуға тиісті. Ұйғыр жастарына діни және гуманитарлық білім беріп, Қытайдың аймақтағы қатал ережелеріне қарсы бейбіт түрде күресуді үйретіп, аймақта террордың артып отырғаны түсінігін бермеу керек. Шетелге қашқан ұйғырлардың тағдыры БҰҰ, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Түрік кеңесі сияқты ұйымдар тарапынан күн тәртіпке алынып, осы мәселеге тұрақты шешімдер табу керек.



Ұқсас жаңалықтар