Түрікменстан президенті Бердімұхаммедовтың Грузия сапары

Еуразия тынысы 80

379441
Түрікменстан президенті Бердімұхаммедовтың Грузия сапары

Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов 2-3 шілде күндерінде Грузияға ресми сапармен барды. Естеріңізде шығар, өткен жылы желтоқсан айында Грузия президенті Георгий Маргвелашвили де Түрікменстанға бір сапар ұйымдастырған болатын. Екі жақты жасалған бұл сапарлар Түрікменстан-Грузия ынтымақтастығын жаңа бір сатыға көтерді.
Грузия президенті Георгий Маргвелашвили Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедовты Грузияның астанасы Тбилисидегі президенттік сарайдың алдында ресми рәсіммен қарсы алды. Басшылар оңаша және делегация аралық кездесулер өткізді. Оқу-ғылым, мәдениет, экономика, қаржы және спорт салаларында келісімдер жасалды. Түрікменстан мен Грузия президенттері ортақ декларацияға қол қойды. Президенттер баспасөзге жабық өткен жиналыстың артынан президенттік сарайда ортақ баспасөз мәслихаты өткізді.
Грузия президенті Георгий Маргвелашвили сөз алып «Түрікменстан Республикасымен ортақ энергия желісі жобаларымыз осы елдің резервтерін Еуропаға тасымалдауға жағдай жасайды. Бұл жобаларға басқа мемлекеттер де қосылып отыр. Ұқсас ортақ жобалар Грузия мен Түрікменстанға қоса, Түркия мен Ауғанстанға да табыс әкеледі» деді. Бердімұхаммедовты күткені үшін қуанышты екенін атап көрсеткен Маргвелашвили екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың экономикалық салада көрініс тапқанын, аймаққа үлкен пайда әкелетінін атап айтты.
Түрікменстан президенті Бердімұхаммедов болса екі ел арасындағы сауда көлемін арттыру керектігіне назар аударып, «Бұл екі ел энергия резервтеріне ие. Экспортты арттыру күшіміз бар. Экономикалық өсу үшін Каспий теңізі мен Қаратеңізге көрші мемлекеттер арасында транзит өту тақырыбында ынтымақтастық жасағымыз келеді» деді.
Кейін қонақ елбасы Грузия премьер-министрі Иракли Гарибашвилимен түскі қонақасыда басқосты. Кездесу баспасөзге жабық өтті.
Бердімұхаммедов түстен кейін Грузия Мәжіліс төрағасы Давид Усупашвилимен кездесті. Усупашвили Бердімұхаммедовқа Грузия Мәжілісінің жұмыстары жөнінде мағлұмат беріп, парламент ғимаратын аралатты.
Түрікменстан президенті Бердімұхаммедовқа сапарының екінші күнінде Грузия Ғылымдар академиясы тарапынан құрметті докторлық атағы берілді. Түрікменстан делегациясы Грузияның порт қаласы Потиді аралады.
Түрікменстан президенті сапарының соңында Грузия президентімен бірге Тбилисидегі Қасиетті үштік шіркеуін аралады. Грузия президенті Маргвелашвили кейін қонақ президентті Халықаралық әуе жайынан шығарып салды.

* * *
Түрікменстан-Грузия ынтымақтастығы 1992 жылы 16 шілде күні басталды. Екі жақты ынтымақтастық орнағанына 23 жыл толғанына қарамастан екі ел арасында әлі белсенді ынтымақтастық жетілген жоқ. Тараптар соңғы жылдары екі ел ынтымақтастығын жоғары деңгейге жеткізуге шешім қабылдады. 2014 жылы 28 маусым күні Түрікменстан Тбилиси өкілетті елшілігін ашты. 2014 жылдың 15 желтоқсан күні 1997 жылдан кейін Грузия президенті Түрікменстанға тұңғыш сапарын жүзеге асырып, ынтымақтастықта жаңа бір кезеңді ашты. Түрікменстан мен Грузияның осы қадамды басуына Түркия-Әзірбайжан-Түрікменстан үштік жиналыстары үлкен әсер етті.
Түрікменстан табиғи газын Еуропа елдеріне тасымалдау үшін Грузияға мұқтаж. Грузия болса әрі транзит ел ретінде, әрі табиғи газды арзан қолданғысы келгені үшін Түрікменстанмен ынтымақтастығын тереңдетуге мәжбүр. Бұл аяда Әзірбайжан-Грузия-РумынияInterconnector (AGRI) жобасына Түрікменстанның да қосылуы күн тәртібінде. Каспий теңізінің заңдық мәртебесі шешілген жағдайда, Түрікменстан табиғи газын Еуропаға жеткізу одан да жеңілдейтін болады. Сапар барысында сондай-ақ Каспий теңізі арқылы Ауғанстан-Түрікменстан-Әзірбайжан-Грузия трассасын салу тақырыбы да қолға алынды.
Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедовтың Тбилиси сапары аймақтық ынтымақтастықты жетілдіру және екі ел ынтымақтастығын жаңа бір сатыға көтеру тұрғысынан пайдалы болды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар