Орталық Азия мемлекеттері үшін үштік саммиттердің қажеттілігі

Еуразия тынысы 61

243139
Орталық Азия мемлекеттері үшін үштік саммиттердің қажеттілігі

Үштік жиналыс немесе үштік саммит әдісі – халықаралық саясатта жиі қолданылатын бір механизм. Әсіресе аймақтық мәселелердің шешімі немесе аймақтық ынтымақтастықты одан да жетілдіру үшін үштік жиналыстар өткізілгенін білеміз. Бірақ бұл үштік жиналыстардың Орталық Азия территориясында неліктен өтпегені белгісіз. Әйтпесе Орталық Азия мемлекеттері үштік саммиттер арқылы аймақтық мәселелерді өздері өте тыныш шеше алады. Орталық Азия мемлекеттері тәуелсіздіктерін алғаннан бері аймақтық мәселелерге қатысты көптеген жиналыстар ұйымдастырды. Аймақтық ұйымдар құрып, мүше болды. Дегенмен бұл ұйымдардың көпшілігі үштен көп ел мүше болған ұйымдар болып табылады. Оған қоса бұл ұйымдарда әсіресе бір немесе екі жаһандық актер болады және ұйымның инициативасы да әсіресе сол мемлекеттерге беріледі.
Негізінде үштік жиналыстардың өзіне тән табыстары бар. Үш ел өздеріне қатысты мәселелерді басқаны араластырмай, шешу мүмкіндігіне ие болады. Үш елге қатысты бір мәселенің шешімі аясында екі ел келісе алмай дипломатиялық жолдар жабылғанда ғана үшінші ел дәнекерлік міндетін атқарады немесе жаңа бір шешім ұсынысы жасай алады.
Мұның ең жақсы үлгісін Түркия мен Әзірбайжанның көрші мемлекеттермен өткізген үштік жиналыстарынан байқаймыз. Екі ел сыртқы істер министрлері деңгейінде Грузия, Иран және Түрікменстанмен бөлек-бөлек үштік жиналыстарын өткізуде. Соңғы кездері үштік жиналыстар үштік саммиттерге айналып, тиісті елдердің мемлекет басшылары бас қоса бастады. Түркияның Балкан және Азия мемлекеттерімен, Әзірбайжанның Ресей және Армениямен мемлекет басшыларының үштік саммитін өткізгені белгілі. Осыған қоса Ресей, Белоруссия және Қазақстанның арасында өткізілген үштік саммиттердің арқасында Кеден Одағы ортаға шығып, жалғасында Еуразия Экономикалық Одақ құрылды. Екі үлкен мемлекеттің қыспағындағы Моңғолияның өзі 2014 жылы Ресей және Қытаймен үштік саммит өткізді. Еуроодақ болса 2007 жылынан бастап, Орталық Азия мемлекеттерімен жиналыстарға үш мемлекет басшысымен қатысуда. Осындай мысалдарды көбейтуге болады.
* * *
Орталық Азия мемлекеттері аймақтан тыс басқа мемлекеттермен үштік жиналыстар мен саммиттер жүзеге асырады. Мысал ретінде Қазақстанның Ресей және Белоруссия мен Тәжікстан, Ауғанстан және Иранмен жасаған саммиттерін көрсетуге болады. Дегенмен бауырлас мемлекеттер өзара осындай жиналыстарды ұйымдастыра алмайды.
Тәжікстандық саясаттанушы Абдугани Мамадазимов өткен жылы Душанбеде жүзеге асқан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 14-ші саммитінде Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның «Мәуереннаһр үштігі» жобасын іске қосу керектігі алға тартты. Дегенмен бұл жоба іске аспады.
Аймақтық ынтымақтастықтың соңғы жылдары мәдени салада күшейгенін байқаймыз. Мысалы 2013 жылы Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан Батыс Тянь-Шань таулары аймағын ЮНЕСКО-ның Әлемдік табиғи мұра нысандары тізіміне алғызу үшін ортақ ұсыныс жасады. Бұдан басқа аймақ халықтарының ортақ мұрасы ретінде қобыз және киіз үй сияқты құндылықтарды да ЮНЕСКО тізіміне алғызу үшін бірге қозғалғандарын байқаймыз.
Аймақ мемлекеттері кейбір мәселелердің шешімі үшін үштік жиналыс өткізбейді емес. Мысалы 2014 жылы Бішкекте аймақ мемлекеттері Апат және төтенше жағдайлар басқармалары деңгейіндегі ынтымақтастық шараларын қолға алды. Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан 2012 жылы жиналып, Орталық Азияда Ортақ энергия жүйесі құру тақырыбында ортақ көзқарасқа келе алмады. 2014 жылы осы жолы Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан аталмыш тақырыпты күн тәртіптеріне алды. Алайда қазірше нәтиже шықпады. Соңғы жылдары кейбір азаматтық қоғам мекемелерінің үштік саммиттер ұйымдастырып, ортақ мәселелерді қолға алу бастамалары күн тәртіпке келді.
Осыларға қарамастан аймақтық мәселелер сол күйі тұрды. Аймақтың өркендеуі үшін қажетті бастамалар іске қосылған емес. Мұнда негізгі мәселе үштік жиналыстардың жоғары деңгейде яғни сыртқы істер немесе премьер-министрлер, тіпті мемлекет басшылары деңгейінде өткізілмегендіктен туындайды. Алдымен сыртқы істер министрлері деңгейіндегі жиналыстар әдетке айналып, кейін министрлер арқылы әртүрлі салаларда үштік жиналыстар ұйымдастыру үшін ыңғайлы шарттар дайындалатын болса, үштік жиналыстар одан да табысты өтер еді.
Үштік саммиттер өткізуді қажетті қылған аймақта көптеген шешімін күткен мәселе бар. Шекара мәселелері, Ферғана алқабының келешегі, анклав аймақтар, Арал көлі т.б. мәселелер ортада. Осы мәселелерді ортақ тіл, ортақ мұра сияқты тақырыптармен де жалғастырып кетуге болады. Аймақ басшылары қазірден-ақ басқосып, мәселелерді өз араларында шешпеген жағдайда, ертең күні кеш болуы мүмкін.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар