Еуразия тынысы 55

Еуразия жағрапиясындағы ИШИМ мәселесі.

189957
Еуразия тынысы 55

Өткен апталарда Францияда және Стамбұлда жасалған лаңкестік шабуылдар ИШИМ террор ұйымын қайтадан әлем күн тәртібіне әкелді. Орташығыстағы хаос пен ішкі соғыстан пайдаланып, күшейген ИШИМ террор ұйымы көрші жағрапияларға да қауіп төндіре бастады. Әлемнің 80-нен астам мемлекетінен жауынгері бар ұйымның шатақ шығарғысы келген алғашқы елдердің басында Орталық Азия мен Кавказ елдері келеді. Соңғы кезеңдерде ұйым тарапынан жасалған мәлімдемелер мен оқиғалардың жағдайы да осы көзқарасты күшейтіп отыр. Алдымен ИШИМ ұйымының Еуразия аймағындағы мемлекеттермен байланысты соңғы кезеңдердегі мәлімдемелеріне және маңызды жаңалықтарға көз жүгіртейік.
Ұйым 2014 жылы қыркүйек айында бір бейнетаспа жариялап, Ресейдің Шешенстан және Солтүстік Кавказдан шегінуін талап етті. Ұйым әйтпесе Ресейге қарсы жиһад жариялайтындарын мәлімдеді. Қыркүйек айында Әзірбайжанда ИШИМ-нің 26 жақтаушысына операция жасалды.
Талибан және Әл-каидамен байланысы болғаны белгілі Өзбекстан Ислам Қозғалысы қазан айында ИШИМ-ге бағыныштылығын жариялады. Өзбекстан Республикасы президенті Ислам Каримов соңғы кездері ИШИМ қатарында соғысқан Орталық Азия топтарының Ауғанстанға бағытталғанын білдірді. 21 қараша күні Дағыстанда соғысқан топтардың біріне басшылық жасаған Сүлейман Зайланабидов ИШИМ-ге қосылғанын мәлімдеді. «Кавказ Узел» агенттігі 19 желтоқсан күні Дағыстан жасақтарының басшысы Әбу Мұхаммедтің ИШИМ-ге қосылғанын жариялады. Кавказ Әмірлігі қолбасшысы Али Асхаб Кебеков болса 28 желтоқсан күні ИШИМ-ге бағынған Дағыстан жасақтары қолбасшысы Әбу Мұхаммедті бөлшектенушілікпен айыптады және оның орнына Саид Араканның әмір ретінде тағайындалғанын білдірді.
23 желтоқсан күні Мәскеуде жүзеге асқан Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымы саммитінде сөз алған Путин ұйымның бұдан кейінгі жаңа нысаналары арасында ИШИМ-нің аймақта болуы ықтимал тармақтарымен күрес болатынын атап айтты.
Ресей Федерациясы Жоғары сот бас прокуратурасы 30 желтоқсан күні Ирак пен Сирияда күшін арттырған ИШИМ мен Сирияда режимге қарсы соғысқан әл-Нусра майданын террор ұйымы ретінде қабылдады. Осылайша бұл ұйымның жұмыстарына Ресейде тыйым салынды.
Ресей президенті Владимир Путиннің Ауғанстанға жауапты өкілі Замир Кубулов 31 желтоқсан күні «ИШИМ ұйымы мүшелері Ауғанстанға бет алды. Қазірше кішкентай бір топ жүз бәлкім одан да астам адам Ауғанстанға жіберілді. Бұл тек қана Ауғанстанмен шектелмейді. Қарулы күрестің Орталық Азияға өтуі мүмкін. Қазірден-ақ Түрікменстан мен Тәжікстан шекараларында 2 база құрып алды. Осы базаларда жеткілікті деңгейде әскери күшке ие. Тәжікстан шекарасындағы базада 4-5 мың, Түрікменстандағы база да болса 2 мың 500 жауынгері бар. Жауынгерлер негізінен Орталық Азиядан келгендерден тұрады. Орталық Азия текті топтар идеологиялық тұрғыдан да мықты. Өйткені олар мемлекеттері үшін соғысады» деп мәлімдеме жасады.
11 қаңтар күні Ауғанстан Талибан ықпалды болып отырған елдің оңтүстігіндегі Азан аймағында ИШИМ мүшесі екеніне күдіктенген кісілердің Талибанмен қақтығысқаны алға тартылды. Талибан болса бұл хабарды теріске шығарды.
Қырғызстан Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті қаңтар айының басында терроризм сияқты қылмыстардың қатаң түрде жазалануын қамтыған заң жобасы ұсынысын Мәжіліске жіберді. Комитеттің мағлұматтарына қарағанда 2014 жылы елде террор айыбымен 137 сот ісі ашылды.
Ирактағы тәжік текті бір ИШИМ мүшесі қаңтар айының басында бір бейнетаспа жариялап, Әбубәкір әл-Бағдадиден Тәжікстанда «жиһад» үшін рұқсат сұрады. Қазақстандағы Риск бағаландыру тобы саяси сараптаушысы Досым Сатбаев тақырыппен байланысты ИШИМ-нің алдымен Орталық Азия мемлекеттерінің бірі ретінде Тәжікстанда өзіне орын іздейтінін, осы елдің Орталық Азия мемлекеттеріне қарағанда қорғансыз екенін атап көрсетті.
* * *
Кеңес үкіметі ыдыраған соң діни еркіндігін алған бұрынғы Кеңес мемлекеттерінде әртүрлі діни топтар насихаттау жұмыстарына мүмкіншілік тапқан болатын. Дін мен мемлекеттің қарым-қатынасы мемлекеттерге қарай өзгеріп отырса да, Ислам күшейді және аймақта радикал топтар да өздеріне орын тапты. Қазір ешкім Еуразия аймағынан ИШИМ құрамына қосылғандардың санын айта алмайды. Ресейден кем дегенде 2000 адамның ұйымға қосылып, соғысып жатқаны белгілі. Әзірбайжан мен Қазақстаннан 300 және Қырғызстаннан 200-ден астам адамның Ирак пен Сирияда соғысқаны жайлы қауесет бар. Қырғыз лауазымдылар Иракқа барғандардың 16 мен 22 жас аралығында екенін атап көрсетсе, қазақ лауазымдылар ұйымға мүше болған азаматтарының тең жартысының әйел екенін мәлімдеді.
Осылардың барлығы Ислам негізінің толығымен адамдарға ұласпағанын немесе жеткізілмегенін, мәселенің астарында Еуразиядағы мемлекеттердің жеткіліксіз діни саясаттарының жатқанын көрсетеді. ИШИМ немесе басқа радикал ұйымдармен күреске де дәл осы көзқараспен қарау керек. Әйтпесе, Орталық Азия мен Кавказ радикалдардың кезекті аялдамасы болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар