Еуразия тынысы 54

Түркия Еуразия жағрапиясындағы мемлекеттермен 2014 жылын қалай өткізді?

182501
Еуразия тынысы 54

Түркия тарапынан бірнеше жыл бұрын іске қосылған Үштік сыртқы істер министрлері жиналыстары аймақтық тұрғыдан маңызды бола бастады. 2014 жылы осы үштік жиналыстар белгіленген орындарда өтті. Алдымен Генджеде 19 ақпан күні 3-ші Әзірбайжан-Грузия-Түркия сыртқы істер министрлері жиналысы жүзеге асты. Жиналыстың төртіншісі 2014 жылдың 10 желтоқсан күні Карс қаласында ұйымдастырылды. 3-шісі Түркия-Әзірбайжан-Иран Сыртқы істер министрлері жиналысы да өткен жылдың 14 наурыз күні Ван қаласында ұйымдастырылды. Түркия, Әзірбайжан және Түрікменстан Сыртқы істер министрлері болса 26 мамыр күні Бакуде тұңғыш рет үштік жиналыс өткізді. Жиналыстың соңында «Баку декларациясы» жарияланды. Осы үштік жиналыстардың Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан үшін де қажетті және аса маңызды екенін айтқан жөн.
Түркия 2014 жылы Ресей, Украина және Қырғызстанмен жылдық Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі жиналысын жүзеге асырды. Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі жиналыстары екі жақты ынтымақтастықты одан әрі жетілдіруге жағдай жасайды.
Түркия шетел мемлекеттерімен ынтымақтастығын жетілдіру мақсатты виза жеңілдігі бастамаларын 2014 жылы да жалғастырды. 11 сәуір күні Түркия-Белоруссия және Түркия-Моңғолия арасында 30 күнге визасыз кіріс-шығыс ережесі іске қосылды.
4-5 маусым күндері арасында Бодрумда Түркия Республикасының 11-ші президенті құрметті Абдуллах Гүлдің қонақжайлығымен Түрік Кеңесінің төртінші Саммиті өткізілді. Түрік Кеңесі Саммитіне Түрікменстан тұңғыш рет қонақ ел ретінде қатысты. Бердімұхаммедовтың саммитке қатысуында сол кездегі Түркия Республикасы президенті Абдуллах Гүлдің үлкен үлесі бар екенін айтқан жөн.
Еуразияның алдынғы қатарлы мемлекеттерінің бірі Ресей мен Түркияның екі жақты ынтымақтастығы тұрғысынан 2014 жыл табысты өтті. Режеп Таип Ердоған 2014 жылдың басында Сочи Қыс олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысты. Ресей Федерациясының төменгі қанаты Дума төрағасы Сергей Нарышкин 16 жылдан кейін 27 ақпан күні Мәжіліс төрағасы деңгейінде ресми сапар ұйымдастырды. Нарышкин Ресей делегациясы басшысы ретінде тамыз айында Ердоғанды ұлықтау рәсіміне де қатысты. Ресей президенті Владимир Путин 1 желтоқсан күні Ресей-Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесінің 5-ші жиналысына қатысу мақсатымен 10 министрмен Анкараға 1 күндік сапар ұйымдастырды. Путин Анкарада Оңтүстік ағым орнына Қаратеңізден Түркияға тасымалданатын жаңа табиғи газ құбыр желісінің құрылатынын жариялады.
Түркия батыс мемлекеттерінің Ресейге жасаған санкцияларына қосылмады. Алайда Қырымның Ресеймен интеграциясын танымағанын, Украинаның шекара тұтастығын қолдағанын білдірді. Осы аяда Түркия Сыртқы істер министрлігі «Түркия Қырым Автономиялық Республикасының Ресейге заңсыз түрде қосылуын танымайды» деген мәлімдеме жасады.
2014 Сочи Қыс олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысу үшін Ресейге премьер-министр ретінде барған Ердоған осында Өзбекстан президенті Каримовпен бас қосты. Түркия Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлу 10-12 шілде күндері арасында Өзбекстанға ресми сапар ұйымдастырды. Түркия Сыртқы істер министрінің 13 жылдық үзілістің артынан Өзбекстанға жасаған осы сапары тарихи бір оқиға ретінде тіркелді.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 10 тамыз күні Түркия Республикасының 12-ші президенттік сайлауында жеңіске жеткен Режеп Таип Ердоғанды Анкарадағы Әділет және өркендеу партиясы балконында құттықтап, халыққа үн қатқан болатын. Президент Ердоғанның 28 тамыз күнгі ұлықтау рәсіміне Еуразия жағрапиясындағы барлық мемлекеттер өкіл жіберді. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Бас хатшысы Мезенцев болса ұйымның атынан Анкараға келді. Президент Ердоған тұңғыш шетел сапарын 2-3 қыркүйек күндері арасында Әзірбайжанға ұйымдастырды. Ердоған президент ретінде алғашқы Орталық Азия сапарын болса Түрікменстанға жасады.
* * *
Жоғарыда айтқандай Түркияның Еуразия жағрапиясындағы мемлекеттермен ынтымақтастығы 2014 жылы тұрақты түрде жалғасты. Осыған қоса аймақтық мәселелерде де халықаралық саясатқа қолтаңба қалдырды. Түркия Сыртқы істер министрлігінен бастап, Украина, Қырым татарлары, Әзірбайжан-Армения шекара қақтығыстары және Ұйғыр мәселесінен бастап, Еуразия жағрапиясындағы маңызды оқиғалар жайлы жыл бойы қажетті мәлімдемелерді жасады. Түркия Сыртқы істер министрлігі сондай-ақ Таиландтағы ормандық алаңда паспортсыз ұсталған 300 ұйғырдың Түркияға әкелінуі үшін ат салысып отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар