Еуразия тынысы 52

Өзбекстан Республикасында өткен жалпы халықтық сайлау.

163387
Еуразия тынысы 52

Сенат пен Заң шығару Мәжілісінен құрылған Өзбекстан парламентінің төменгі палатасы Заң шығару Мәжілісі мен жергілікті әкімшіліктердің лауазымдылары сайланған жалпы халықтық сайлау 21 желтоқсан күні жүзеге асты. Өзбекстан Орталық сайлау комитеті тарапынан сайлауда 18 миллионнан астам сайлаушының дауыс бергені, сайлаудың ел көлемінде тыныш өткені және ешқандай заң бұзушылық тіркелмегені жарияланды. Орталық Азияның ең көп тұрғын санына ие елі ретінде Өзбекстанда барлығы 20 миллион 895 мың 572 сайлаушы бар. Сайлаушылар ел көлеміндегі 9 мың 35 сандыққа қоса шетелде құрылған 44 сайлау орталығында дауыс қолданды. Елдегі жалпы халықтық сайлау 50-ге жуық ел мен 5 халықаралық мекемеден 300-ден астам бақылаушының қадағалауында өтті. 300-ден астам жергілікті және шетелдік журналист сайлауды бақылады.
150 орындықтан тұратын Заң шығару Мәжілісіне кіру үшін 1995 жылы құрылған және 102 мыңнан астам мүшесі бар Әділет және әлеуметтік демократия партиясынан 132, 185 мыңнан астам мүшесі бар Халықтың демократия партиясынан 134, соңғы сайлауда жеңіске жеткен және осы сайлауда да жеңіске жету ықтималы жоғары болған 243 мың мүшелі Либералды демократия партиясынан 135 үміткер жарысты. Саяси партиялардың депутаттыққа кандидат ұсыну мерзімі 17 қазан күні басталып, 6 қараша күні аяқталған болатын. Заңға қарағанда соңғы екі сайлаудан бері парламентке Өзбекстан Экология қозғалысына бөлінген контингенттен де 15 депутат сайланады.
Сайлауға қарсы шыққан шетелдегі оппозиционерлер сайлауға қатыспауға шақыру тастады. Осы сайлауда сайлаушылардың 50 пайызынан дауыс жинай алмағандар 2 апталық мерзімнің ішінде қайта сайлауға түседі.
* * *
Өзбекстан тәуелсіздік алғаннан бері 5-ші рет жалпы халықтық сайлау өткізілді.
Өзбекстан парламенті 2005 жылы қайтадан құрылымдық өзгеріске ұшырап, Сенат пен Заң шығару Мәжілісі ретінде екіге бөлінген болатын. Заң шығару Мәжілісі депутаттары 5 жылдығына сайланады. 100 мүшелі Сенаттың 16 мүшесін президенттің өзі сайласа, қалғандар жергілікті мәжілістер тарапынан ұсынылады.
Өзбекстанда 21 желтоқсанда жүзеге асырылған жалпы халықтық сайлаудың бірнеше ерекшелігі бар. Алдымен сайлауға қатысқан партиялар алдынғы сайлауларда да үміткерлерін ұсынып, барлығы парламентке кірген болатын. Сондай-ақ осы партиялардың барлығының ортақ ерекшелігі - билікті жақтайтын партиялар болу. Өзбекстандық сайлаушылардың 90 пайызына жуығы дауыс қолданды. Алдынғы сайлауларда да өзбек халқының көпшілігі дауыс беруге қатысқан болатын.
Елдегі заңдарды дайындау және бекіту үшін Сенат Жалпы Кеңесіне ұсыныс беру жауапкершілігі бар мәжіліс мүшелері сайланған кезеңде сайлау заңына енгізілген өзгеріс себепті тұңғыш рет сайлауда ең көп дауыс жинаған саяси партия премьер-министрді белгілеп президенттің бекітуіне ұсынады. Осы сайлаудың ең маңызды ерекшеліктерінің бірінің осы екенін айта аламыз. Осылайша Өзбекстан президенттік жүйесінен парламенттік жүйеге қарай қадам басылды.
Сайлаудың тағы бір ерекшелігі болса Өзбекстанның қоршаған орта сезімталдығының сайлауда көрініс табуы. Өзбекстан Экология қозғалысына тұңғыш рет 2009 жылы өткен сайлау арқылы мәжілісте орын бөлінген болатын. Мұның ең басты себебі Өзбекстанның көршілері Тәжікстан және Қырғызстанмен араларындағы су дағдарысы. Сондай-ақ Арал теңізінің жағдайы да қиын. Осы 15 депутаттың міндеті де халықаралық салада Өзбекстанның экология мәселелерін күн тәртіпке әкеліп, елдің құқын қорғау болады.
Өзбекстан заңдарына қарағанда жалпы сайлаудың артынан кем дегенде үш айдың ішінде президент сайлау өткізу керек. Өзбекстандағы жалпы сайлау президенттік сайлау науқанының басталуы тұрғысынан аса маңызды болып табылады. Осы тұрғыдан 77 жасқа толған Каримовтың 2015 жылын Қарияларды құрметтеу және сүйіспеншілік жылы ретінде жариялау ұсынысы да өзіндік мағынаға ие.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар