Еуразия тынысы 48

Украинадағы соңғы жаңалықтар мен елдегі ішкі соғыс.

210031
Еуразия тынысы 48

Украинадағы наразылық шерулері бір жыл бұрын басталған болатын. 2013 жылы 21 қараша күні басталған наразылық шерулері уақыт өткен сайын ішкі соғысқа айналды. Украинадағы соңғы жаңалықтар болса осы оқиғаның ұзақ уақыт әлем күн тәртібінде қалатынын көрсетеді. Қараша айында өткен халықаралық саммиттерде әсіресе Үлкен 20 саммитінде Украина дағдарысы себепті батыс пен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың бұзылғанына куә болдық. Ресейдің батыстағы ең жақын одақтастарының бірі Германияның өзі ашық түрде Ресейді сынға ала бастады. Ресей басшыларының Украинамен байланысты соңғы мәлімдемелеріне қарағанда, олардың Украина тақырыбында ымыраласуға ниеті жоқ. Украинадағы жағдайды одан жақсы түсіну үшін алдымен соңғы кездері болған маңызды оқиғаларға назар аударайық.
Украинада 26 қазан күні өткен парламент сайлауының нақты қорытындысы шықты. Шешім қорытындысына қарағанда премьер-министр Яценюктың Халық майданы партиясы Украина парламенті Радада 64 орындықты алды. Парламентке Петр Порошенко блогының 63 депутаты кірсе, Самапомош партиясының 32, Оппозиция Блогының 27, Радикал партияның 22 және Баткившинаның 17 депутаты да қосылды.
Порошенко 18 қараша күні неміс Билд газетіне берген сұхбатында «Біз толық бір соғыс үшін дайындығымызды жасадық. Украина армиясы 5 ай бұрынғыға қарағанда өте жақсы жағдайда. Біз тек қана бейбітшілікті қаладық, дегенмен өкінішке орай қазір өзімізді ең нашар сценарийге дайындауға мәжбүрміз» деген мәлімдеме жасады.
18 қараша күні Кремль баспасөз орталығы кеңесшісі Песков «Біз НАТО-ның Ресей шекарасына қарай жақындауы және күш теңдігін бұзу талпынысын тоқтатынын естігіміз келеді. Бірақ мұны естіген жоқпыз» деп, Украина мәселесінің шешімі үшін Ресейдің не қалағанын ашық түрде атап көрсетті.
Ресей Либерал демократия партиясы төрағасы Владимир Жириновский Украинаның «көнбес» ұстанымы себепті 3-ші дүниежүзілік соғыстың шығатынын айтты. Қараша айының басында Германияда мәлімдеме жасаған СССР-дің соңғы президенті Горбачев та соңғы кездегі үлкен мемлекеттер арасындағы сенімсіз ортаға алаңдағанын, бұл жағдайдың 3-ші дүниежүзілік соғысқа апарып соғатынын атап көрсеткен болатын.
Украина президенті Петр Порошенко 19 қараша күні ішкі көшпен қоныс аударған азаматтармен байланысты бір заңға қол қойды. Президенттік интернет парақшасында жарияланған заңмен байланысты хабарға қарағанда Донбасс аймағынан ішкі аймақтарға қоныс аударуға мәжбүр қалған 465 мың адам босқын болып есептеледі.
«Euromaidan»ның жылдығы болған 21 қараша күні парламентке кірген батыс жақтаушысы партиялар коалиция құру тақырыбында келіскендерін жариялады. Партия басшылары парламенттің алғашқы мақсатының батыспен интеграцияны жүзеге асыру екенін білдірді. Аталған күні АҚШ президентінің орынбасары Джо Байден Украинаға бір сапар ұйымдастырды.
Қытай Сыртқы істер министрлігі Еуропа мен Орталық Азия бөлімшесі бастығы Гуи Цунйуй 21 қараша күні елінің Украина дағдарысы тақырыбында Ресейдің ұстанымына қолдау бергенін жариялады.
Украина 22 қараша күні Ашғабатта жүзеге асқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) Премьер-министрлері саммитіне өкілетті елші деңгейінде қатысты.
* * *
Украинада соңғы кездердегі оқиғалар және саясат қайраткерлері жасаған мәлімдемелер көрсеткендей тараптар дағдарысты одан да күрделендіруде, бейбітшіліктен гөрі соғыс әңгіме болуда. Минскте жасалған ‘атысты тоқтату’ келісімі жүзеге аспады. БҰҰ Адам құқықтары Жоғары комиссарлығы Бақылау басқармасының 7-ші рапортына қарағанда атысты тоқтатудың артынан өткен уақыт шеңберінде Украинаның шығысында 700-ден астам адам қаза тапты. Украинаның шығысындағы қарулы қақтығыстарда 2014 жылы сәуір айынан бері 4 мың 317 адам қаза тапты, жаралы саны болса 9 мың 921 адамға жетті. Осы көрсеткіштерге қарағанда әлем мемлекеттері бір-бірімен арпалысып жатса, Украина азаматтары қырылуда.
2004 жылы 21 қараша күні Украинада тағы төңкеріс оқиғалары басталған болатын. Өткен жылы сол күні елдегі ішкі соғыстың алауы жанған еді. Украинада батыс жақтаушылары әліпбиді өзгертуді талқылап жатса, президент Порошенко 23 ақпан Кеңес әскерлері күнін Украина Қарулы күштер күні ретінде өзгертті.
«Саясат мүмкін емес нәрсені мүмкін қылу өнері болып табылады» деген сөз бар. Біз де Украина тақырыбында осы сөздің рас екеніне сенгіміз келеді. Әйтпесе біреулер айтқандай, Украинаның 3-ші Дүниежүзілік соғысқа ұйытқы болуы әбден мүмкін.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар