Еуразия тынысы 29

Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлуның Өзбекстан сапары мен Түркия-Өзбекстан ынтымақтастығы

132989
Еуразия тынысы 29

* * *
Түркия Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлу 10-12 шілде күндері арасында Өзбекстанға ресми сапар ұйымдастырды. Түркия Сыртқы істер министрінің 13 жылдан кейін Өзбекстанға ресми сапармен баруы - тарихи оқиға. Давутоғлуның сапары келешекте екі жақты жоғары деңгейдегі зияраттарға негіз болған жағдайда, Түркия-Өзбекстан ынтымақтастығы өзара және аймақтық мәселелерге шешім табу, Түркітілдес мемлекеттердің халықаралық қоғамдағы абыройын арттыру сияқты көптеген тақырыпқа пайда әкелетін болады. Алдымен екі жақты қарым-қатынастардың өткеніне көз жүгіртейік.
Түркия 1991 жылы 16 желтоқсан күні Өзбекстанның тәуелсіздігін таныған тұңғыш ел болды. Бастапқыда ынтымақтастық жақсы бағыт алған еді. Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов әртүрлі себептермен 10 мәрте Түркияға зиярат жасаса, Түркия Республикасының бұрынғы президенттері Турғут Өзал, Сүлейман Демирел және Ахмет Неждет Сезер де өзара зияраттар жүзеге асырды. Премьер-министрлік деңгейінде болса 6 рет байланыс құрды.
Дегенмен Өзбекстан оппозициясының Түркияны паналауы екі жақты ынтымақтастықтың бұзыла бастаған кезеңі болды. Осы себепті Түркияға білім алуға келген мыңдаған Өзбекстандық студент елдеріне оралуға мәжбүр қалды. Түркияның Өзбекстандағы мектептері де жабылды. Андижан оқиғаларының басталуымен Түркия Біріккен Ұлттар Ұйымы алдында Өзбекстанды айыптады. Бұл жағдай екі жақты қарым-қатынастардың одан да бұзылуына себеп болды. Өзбекстандағы егістіктерде кішкентай балаларға жұмыс істеткізуімен байланысты наразылықтары Өзбекстанның сабырын тауысса керек елдегі барлық түрік іскерлер қиындықпен бетпе-бет қалды. 2012 жылы 22 ақпан күні Өзбекстанда түрік сериалдарына тыйым салынды. Негізінде Өзбекстан түрік сериалдарына тыйым салған жалғыз түркітілдес мемлекет емес.
Түркия-Өзбекстан арасындағы осы дағдарыс әсіресе Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі (Түрік кеңесі), Түркітілдес елдер Парламенттік ассамблеясы (ТүрікПА) сияқты халықаралық мекемелерге зиян келтірді. Өзбекстан осы мекемелердің құрушыларының бірі немесе мүшесі болғанда, осы мекемелер қазір одан мықты бір сатыда болар еді.
Өзбекстан тек қана осы мекемелерге ғана немқұрайды қараған жоқ. Ресей басшылық жасаған аймақтық құрылымдарға да жақындамады. Ресейдің аймақта басқа республикалармен ынтымақтастығын арттыру және Бішкектегі Ганси әскери базасының босатылуы Өзбекстанның батыс мемлекеттермен ынтымақтастығын дамытуына себеп болды. Батыс тарапынан қатаң түрде айыпталған Андижан оқиғалары ұмытылды. Осымен параллелді түрде Түркия-Өзбекстан ынтымақтастығы да қалпына түсе бастады.
Алдымен Ахмет Давутоғлу мен өзбек әріптесі Абдулазиз Кәмілов 2012 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпы кеңесінде бас қосты. Давутоғлуның Өзбекстанға сапар шегуі де тұңғыш рет осында күн тәртібіне келген болатын. Сол жылы қараша айында сол кездегі Мәдениет министрі Ертуғрул Гүнай Өзбекстанға ресми бір зиярат жасады. 2014 жылы Сочи олимпиада ойындарының ашылу мерәсіміне қатысу үшін Ресейге барған премьер-министр Режеп Таип Ердоған осында Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовпен кездесті. Екі Сыртқы істер министрі соңғы рет мамыр айында Шанхайда өткен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің жиналысында бас қосты. Қазірге дейін екі ел арасында 90-нан астам келісім-шарт пен хаттамаға қол қойылған. Экономика министрлігінің мағлұматтарына қарағанда 2013 жылдан бастап, Түркияның Өзбекстанға экспорты 563 миллион доллар, импорт көлемі болса 815 миллион доллар ретінде жүзеге асты. Тараптар мың 379 миллиард доллар болған сауда көлемін 3 миллион долларға жеткізуді нысанаға алады. Әрине мұның жүзеге асуы үшін ынтымақтастықтардың стратегиялық ынтымақтастық деңгейіне көтерілуі керек.
* * *
Давутоғлуның Өзбекстан сапары Түркияның аймақтағы кемшілігін де жойды.
Өзара ынтымақтастық дамыған жағдайда, Еуразияның екі мықты өлкесі кейбір халықаралық мәселелерде бір-біріне қолдау бере алады. Сондай-ақ Түркияның Ташкент өкілетті елшісі Намык Гүнер Эрпул Өзбекстанның жаңа жылда Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесі мүшелігі үміткерлігіне қолдау беретінін жариялады.
Ресейдің интеграциялық бастамаларына қарсы шыққан Өзбекстанның уақыт өткен сайын батысқа жақындағаны жайлы көзқарастар да тілге тиек етіледі. НАТО мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық Андижан оқиғалары назарға алынбағанда әрқашан жақсы болған.
НАТО-ның аймақтағы жалғыз өкілдігі өткенде Ташкентте ашылды. Осында Ауғанстан факторын естен шығармау керек. Давутоғлуның сапары жайлы негізгі мақсаттың НАТО мәселелері екенін айтқандар да бар. Негізінде бұл орынсыз пайым. Өйткені ынтымақтастықтарын дамытқан жағдайда НАТО болмаса да, Түркия мен Өзбекстан бір-біріне оданда пайдалы болатындарын біледі. Жалпы қарағанда Түркиядан Өзбекстанға сапарлар ұйымдастырылғаны байқалады. Ендігі сапар кезегі Өзбекстандікі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар