Еуразия тынысы 25

Украинадағы соңғы жағдай

112238
Еуразия тынысы 25

Украинада қақтығыстар жалғасуда. Бір айға жуық уақыт өткеніне қарамастан 25 мамырдағы президент сайлауы да елге тұрақтылық әкелген жоқ. Халықаралық актерлер жылы мәлімдемелер жасап отырса да, Украина ішкі соғыс қаупінен құтылған емес. «Үш айдың ішінде тұрақтылықты қамтамасыз етемін» деп отырған жаңа президент Петр Порошенконың қазірше тақырыпта табысты екенін айта алмаймыз.
«Шоколад королі» ретінде белгілі және ұзақ уақыттан бері саясатпен араласқан Петр Порошенко 25 мамыр күні өткен президенттік сайлауда сайлаушылардың 54.7 пайыз даусын жинап, жеңісін жариялады. Осылайша Порошенко президент сайлауының алғашқы турынан жеңіспен шыққан басшы ретінде ел тарихына атын қалдырды. Петр Порошенко 7 маусымда ант ішіп, Украина президенті міндетін бастады. Ант ішу мерәсіміне 56 мемлекеттен делегациялар қатысты. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Украинаның жаңа президенті Петр Порошенконы еліндегі аймақтық мәселелерді бейбіт жолмен шешуге және Ресеймен диалог бастауға шақырды.
5 маусым күні жиналған Үлкен жетілік мемлекет басшылары Брюссельде Ресейге қарсы жаңа қысымдар жасауға шешім қабылдамады. Әрине мұның қысқа мерзімге күшін сақтайтын бір шешім екені, Украинадағы жағдайға қарап шешімнің өзгеруі мүмкін екенін айтқан дұрыс.
10 маусымда Ресей, Германия және Польша Сыртқы істер министрлері Петербургте бас қосты. Кездесудің артынан баспасөз жиналысында сөз алған Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Киев әкімшілігінен шығыс Украинадағы әскери операцияларын доғаруын және аймақпен тікелей диалог бастауын, әйтпесе Украинадағы дағдарыстың ұзақ жылдарға созылатынын ескертті. Польша Сыртқы істер министрі Сикорский де жасаған мәлімдемесінде Украинаның НАТО мүшелігінің қазір күн тәртібінде емес екенін атап көрсетті.
Украина президенті Порошенко 13 маусымда «Ресей күні» себепті Путинді құттықтады. Баспасөзде орын алған хабарларға қарағанда кездесуде Украинаның шығысында гуманитарлық жәрдем коридорының құрылуы, қақтығыстардың тоқтатылуы, қару тастау, ел көлемінде жалпы кешірім жариялау және жергілікті әкімшіліктердің күшейтілуі тақырыптарының қолға алынғаны білдірілді.
***
14 маусым күні Ил-76 типті әскери жүк ұшағы елдің шығысында бөлшектеушілер ықпалды болып отырған Луганск әуежайына қонған кезде бір зымыранмен құлатылды. Украина Қорғаныс министрлігі мәлімдемешісі Владислав Селезнев ұшақтағы 40 әскер мен тоғыз экипаждың қаза тапқанын мәлімдеді. 15 маусым күні Украинада аза жарияланды. Украина Денсаулық сақтау министрлігінің мағлұматтарына қарағанда елдің шығысындағы оқиғаларда қазірге дейін 320-дан астам адам қаза тапты.
14 маусымда Ресей мен Украинаның әскери көліктерінің шекараны бұзғаны алға тартылды. Мәскеу Украинаға тиесілі сауытты көліктің Ресей шекарасына өткенін алға тартып, Киев әкімшілігіне ескерту жасады.
АҚШ болса Ресейге тиесілі танкердің Украина шекарасына басып кіргенін алға тартты.
Сол күні Ресейдің Киев өкілетті елшілігі алдында жиналған шерушілер Ресей байрағын түсіріп, орнына Украинаның туын тікті. Шеру Еуропа Одағы тарапынан айыпталды. Ресей Федерациясы Украина президенті Порошенкодан шерушілерге қолдау берген Украина Сыртқы істер министрі Андрей Дешицаны міндеттен босатуын талап етті.
Украина Ұлттық барлау комитеті төрағасы Валентин Наливайченко Украина коммунисттік партиясының елдің шығысындағы заңсыз шерулері жайлы құжаттарды жинағанын және Әділет министрлігіне жеткізгенін білдірді. Наливайченко партияның жабылуын және қылмыскерлердің жазалануын талап етіп отыр.
Украина мен Ресей арасында табиғи газ тақырыбында әлі келісім қамдалмады. Осы тақырып алдағы кезеңде тек қана Ресей-Украина ынтымақтастығына емес, аймақтың келешегіне де тікелей әсер ететін тақырыптардың басында келетін секілді.
***
Украина саясатында олигархтардың маңызды орын алғанын алдынғы бағдарламаларымызда айтқан болатынбыз. Соңғы сайлауға да елдің дәулетті тұлғалары қол таңбасын қалдырды. Дегенмен бұл жағдай ел тұрақтылыққа қол жеткізеді және өркендейді деген мағынаға келмейді.
Порошенконың президент ретінде соң батысты жақтаған сөздері, елдің шығысында әскери операциялардың жалғасуы және Ресеймен ынтымақтастықты реттеу талпыныстары елдегі жағдайды шешетін сияқты емес. Елдегі қақтығыстардың ішкі соғысқа айналуымен өзіне де зиян келетінін жақсы білетін Ресей соңғы кездері «ымырашыл» ұстаным көрсетеді. Батыс болса соңғы кездері Ресейге қарсы санкция жасауға ниетті емес сияқты. Ал біреулер болса іштен және сырттан туды түсіру, ұшақ құлату, адамдарға қастандық жасау сияқты әрекеттерді жалғастыруда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар