Қазына және қаржы министрі АҚШ-қа аттанды

Министр Мехмет Шимшек АҚШ-та "ХВҚ" және Дүниежүзілік банктің жиналыстарына қатысады.

2128309
Қазына және қаржы министрі АҚШ-қа аттанды

Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек «Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) пен Дүниежүзілік банктің көктемгі кездесулері» және «Үлкен жиырмалық қаржы министрлері мен орталық банк басшылары жиналысына» қатысып, халықаралық инвесторлармен кездесу үшін АҚШ-қа барды.

ХВҚ және Дүниежүзілік банк жыл сайын ұйымдастыратын және жаһандық экономикадағы проблемалар мен мүмкіндіктер талқыланатын «Көктемгі жиналыстар» басталды.

Инфляцияға қатысты алаңдаушылық пен геосаяси шиеленіс күшейген бір кезеңде өткізілген жиналыстар АҚШ-тың бас қаласы Вашингтонда 20 сәуір күніне  дейін жалғасады.

Түркия атынан жиналыстарға қатысатын министр Шимшек АҚШ-қа аттанды.

Шимшектің ертең Халықаралық қаржы институты ұйымдастыратын «Жаһандық көрініс форумында» орын алуы жоспарлануда.

Бейсенбі күні болса «Түркия: Тұрақсыз жаһандық экономикада алға жылжу» тақырыпты іс-шарада баяндама жасауы күтілген Шимшек бағдарламалар аясында «Үлкен жиырмалық Қаржы министрлері және Орталық банк төрағалары жиналысына» да қатысады.

Министр Шимшек несие мекемелерінің өкілдері, елдердің қаржы министрлері, орталық банк лауазымдылары, жекеменшік сала және азаматтық қоғам мекемелерінің өкілдері және академиктер қатысатын жиналыстар аясында көптеген шетелдік инвестормен де бас қосады.



Ұқсас жаңалықтар