Ирак Иранмен табиғи газ саласында келісім жасады
Ирак Иранмен 5 жылдық табиғи газ импорттау келісіміне қол қойғанын жариялады.
2122291
![Ирак Иранмен табиғи газ саласында келісім жасады](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/66f6/4672/6413/63afd9a0651ae.jpg?time=1722045578)
Ирак электр министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда, Электр министрі Зияд Али Фазыл Иранның Ұлттық газ компаниясымен газ импорты бойынша 5 жылдық келісімге қол қойды.
Сәйкесінше, Ирак 5 жыл бойы Ираннан күніне 50 миллион текше метр газ импорттайды.