Айран 4 континенттің 25 елінде сатылды

Соңғы 5 жылда айран экспортынан түскен табыс 7 миллион 695 мың 940 долларды құрады.

2111479
Айран 4 континенттің 25 елінде сатылды

Түркияның ұлттық сусыны айран 4 континенттің 25 елінде сатылды.

Түркия Статистика мекемесінің мәліметі бойынша Түркия 2023 жылы 3 мың 438 тонна айран экспортынан шамамен 2,5 миллион доллар табыс тапты.

Соңғы 5 жылда айран экспортынан түскен табыс 7 миллион 695 мың 940 долларды құрады.

Айран экспорты 2021 жылы алғаш рет 1 миллион доллардан асты, ал 2 миллион долларлық шек өткен жылы өтті. 2019 жылы 12 елге экспорт жасалса, өткен жылы Азиядан Еуропаға, Африкадан Америкаға 4 құрлықтағы 25 елге өнім жіберілді.

Грузия айран экспортының басым бөлігі орындалған ел ретінде ерекшеленді. Өткен жылы бұл елге 1720 тонна айран жөнелтіліп, 1 миллион 103 мың доллар кіріс түскен.

Грузиядан кейін 485 мың долларлық экспортпен Кувейт келді. Үшінші орында 236 мың доллармен Ливия келеді.



Ұқсас жаңалықтар