Туризмде жаңа мақсаттар

Министр Ерсой Стамбулда туризм саласындағы жаңалықтарға байланысты мәлімет берді.

2100092
Туризмде жаңа мақсаттар

ТР Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой «Туризмде еліміз биыл рекорд жаңартты.  Келуші саны 56,7 миллион адам болды. 56 миллиард доллар табыс түсті.  Биыл жаңа үлкен мақсаттарымыз бар» деді.

Министр Ерсой Стамбулда туризм саласындағы жаңалықтарға байланысты мәлімет берді.  Ол туризмде 2023 жылдың рекорд жылы екенін айтты. 2024 жыл болса 60 миллион турист және 60 миллиард доллар табыс табуды мақсат еткендерін білдірді.

Министр жаңа кезеңде туризмде жаңа нарықтарға бағытталатындарын айтып, «Туризмде еліміз рекорд орнатты.   Келуші саны 56,7 миллион адам болды. 56 миллиард доллар табыс түсті.  Биыл жаңа үлкен мақсаттарымыз бар. 2024 жыл мақсатымыз – 60 миллион турист, 60 миллиард доллар.  Бұл үшін жаңа нарықтарға бағытталамыз. Осы жарыста бәсекелесіміз – өзіміз ғана» деді.



Ұқсас жаңалықтар