Стамбул әуежайы Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежай атанды

Стамбул әуежайы Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежайлар арасында бірінші орынды иеленді.

2099870
Стамбул әуежайы Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежай атанды

Стамбул әуежайы 29 қаңтар мен 4 ақпан аралығында күніне орташа есеппен 1309 рейспен Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежай атанды.

Еуропалық аэронавигация қауіпсіздігі ұйымының (Евроконтрол) 29 қаңтар мен 4 ақпан аралығына байланысты Еуропалық авиациялық есебі жарияланды.

Есепке сәйкес, Стамбул әуежайы осы кезеңде күніне орташа есеппен 1309 рейспен Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежайлар арасында бірінші орынды иеленді.

Стамбул әуежайынан кейін күніне 1219 рейспен Лондон Хитроу және 1180 рейспен Амстердам әуежайлары келді.



Ұқсас жаңалықтар