Түркия шетелдік туристерді баурауда

Стамбулға келушілер саны өткен жылмен салыстырғанда шамамен 26 пайызға артып, Лондон мен Дубайды артта қалдырды.

2099614
Түркия шетелдік туристерді баурауда

Британдық "BBC" телеарнасы «ең көп саяхат етілген 10 қаланың» қатарына кіретін Стамбул мен Анталияның Жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетінен кейін шетелдік туристер жиі баратын жер екенін хабарлады.

"BBC" телеарнасының хабарына қарағанда «Euromonitor International» агенттігінің 2023 жылы ең көп саязат етілген 100 қаланы тізімдеген есебіне сүйене отырып, Түркия індеттен кейін қайтадан шетелдік туристерді баурады.

Эпидемияға қарсы шектеулер жойылғаннан кейін шетелге шығатын адамдар санының өсуі байқалды. 2023 жылы ең көп баратын екі қала Стамбул және Анталия болып тіркелді.

Стамбулға келушілер саны өткен жылмен салыстырғанда шамамен 26 пайызға артып, Лондон мен Дубайды артта қалдырды.

Анталия туристер саны  12 есе көп өсіп,  Париж мен Нью-Йоркті басып озды. Өткен жылы 16,5 миллион туристі қабылдаған Анталияға ең көп келгендер немістер, орыстар және ағылшындар болды.

Әсіресе Анталияға тікелей рейстердің көбеюінің арқасында қалаға баратындар саны жыл сайын артып келеді. 2023 жылы қалаға келген туристер саны өткен жылмен салыстырғанда 29 пайызға артты.

Түркия бойынша ішкі және халықаралық рейстер де өткен жылы 2022 жылға қарағанда 16,3 пайызға артты. Туристер ең көп келетін елдердің қатарында тұрған Түркияның биылғы жылы келушілерді көбірек тартуы күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар