Түркияның жел энергия саласы дамуда

Түркияда барлық көздерден өндірілген электр энергиясы 778,5 мегаватт сағатты құрады.

2086909
Түркияның жел энергия саласы дамуда

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар Түркияның 7 қаңтарда 28 пайызбен желден электр қуатын өндірудің ең жоғары көрсеткішіне жеткенін хабарлады.

Министр Байрактар «X» әлеуметтік медиа платформасындағы жазбасында былай деді: « Түркияда желден электр қуатын өндіруде рекорд жасалды. 2024 жылдың 7 қаңтарында желде тіркелген ең жоғары электр қуатын өндіру көрсеткішіне 28 пайызбен жеттік» деді.

Түркияның жел энергиясынан электр қуатын өндіру 7 қаңтарда 218 мегаватт сағатпен ең жоғары деңгейге жеттті. Желдің жалпы электр өндірісіндегі үлесі 28 пайыз болды. Түркияда барлық көздерден өндірілген электр энергиясы 778,5 мегаватт сағатты құрады.

Желден электр энергиясын өндірудегі соңғы рекорд 3 сәуірде 203 мың 69 мегаватт сағат болды.



Ұқсас жаңалықтар