Көлік саудасында рекорд тіркелді

Көлік саудасы жылдың 11 айында 60,8 пайыз артты.

2072410
Көлік саудасында рекорд тіркелді

Түркияда автомобиль және жеңіл көлік саудасы жылдың 11 айында 2022 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 60,8 пайыз артып, 1 миллион 73 мың 982-ге жетті.  Бұл – бір рекорд.

Бұдан бұрын рекорд 983 мың 720 көлік санымен 2016 жылы тіркелген болатын.

Биыл алғашқы 11 айда 840 мың 925 дана автомобиль сатылды. 233 мың 57 дана коммерциялық көлік сатылды.

Түркияда ең көп таңдалған көлік түрі – SUV.



Ұқсас жаңалықтар