Мехмет Фатих Каджыр Одил Рено-Бассомен кездесті

Мехмет Фатих Каджыр Еуропа қайта құру және даму банкінің  бас директоры Одил Рено-Бассомен кездесті.

2068137
Мехмет Фатих Каджыр Одил Рено-Бассомен кездесті

Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр Еуропа қайта құру және даму банкінің  бас директоры Одил Рено-Бассомен кездесті.

Өнеркәсіп және технология министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда, бас қала Анкарада өткен жиналыста Каджыр және Одиле Рено-Бассо декарбонизация инвестицияларын бағалады. Кездесуде ынтымақтастықтың жаңа әлеуетті бағыттары, соның ішінде осы саладағы өнеркәсіп секторын қолдау үшін «Төмен көміртекті жол карталары» жұмысының негізінде арнайы инвестициялық және елдік платформа құру мәселелері талқыланды.

Министр Каджыр Еуропа қайта құру және даму банкімен ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып, былай деді: «Өнеркәсіптік процестерді көміртексіздандыру түрік өнеркәсіп секторларының өңірлік және жаһандық ауқымдағы бәсекеге қабілеттілігін сақтау және арттыру, сондай-ақ елге тікелей шетелдік инвестицияларды тартуды жалғастыру үшін маңызды болып табылады. Біз Еуропа қайта құру және даму банкімен  ынтымақтастығымызға өте қуаныштымыз. Түрік өнеркәсібінің төмен көміртекті дамуын қолдайтын инвестицияларды жеделдету үшін тиімді механизмдер құруды асыға күтеміз».

Рено-Басо да «Түркиямен жұмыс істейміз. Біз көміртегі бейтараптығы жолында өнеркәсіптік компанияларды қолдауды жалғастыруға дайынбыз. Бұл ел үшін негізгі талап болғанымен, бұл мәселеде Түркияны қолдау де маңызды болып табылады» деді.



Ұқсас жаңалықтар