Ирак Түркияға мұнай экспортын қайта бастайды

​​​​​​​Ирак премьер-министрі Түркияға мұнай экспортын қайта бастау үшін шешім табуға дайын екендерін айтты.

2067712
Ирак Түркияға мұнай экспортын қайта бастайды

Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шиа әл-Судани Түркияға мұнай экспортын қайта бастау үшін шешім табуға дайын екендерін айтты.

Ирак премьер-министрі еліне сапармен келген Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактарды қабылдады.

Судани кездесуде елінен Түркияға мұнай экспортын қайта бастау үшін шешім табуға дайын екендіктерін білдірді.

Министр Байрактар ​​Ирактың тек Түркия үшін емес, әсіресе энергетика саласында бүкіл Еуропа үшін маңызды ел екенін түсіндірді.

Байрактар ​​Бағдад сапары аясында Ирак Мұнай министрі Хайян Абдулганимен делегация аралық кездесу өткізді.



Ұқсас жаңалықтар