«Fitch Ratings» Түркия экономикасының биылғы өсу болжамын 2,8 пайыздан 3,5 пайызға арттырды

«Fitch Ratings» жаһандық экономикалық болжам рапортының маусым айындағы санын жариялады.

2153824
«Fitch Ratings» Түркия экономикасының биылғы өсу болжамын 2,8 пайыздан 3,5 пайызға арттырды

Халықаралық несие рейтинг агенттігі «Fitch Ratings» Түркия экономикасының биылғы өсу болжамын 2,8 пайыздан 3,5 пайызға арттырды.

«Fitch Ratings» жаһандық экономикалық болжам рапортының маусым айындағы санын жариялады.

Рапортта  Еуропада қалпына келу мүмкіндігіне сенім артқандықтан, Қытайдың экспорттық секторы жанданғандықтан және ішкі сұраныс Қытайдан тыс дамушы нарықтарда күшті серпін көрсеткендіктен жаһандық өсу болжамдарының жоғарыға қарай қайта қаралғаны атап көрсетілді.

Рапортта  әлемдік экономиканың өсу болжамының 2024 жылға арналған 2,4 пайыздан 2,6 пайызға көтерілгені, ал жаһандық экономиканың екі жылда да, яғни 2025 және 2026 жылы да 2,4 пайызға өсуі күтілетіні атап өтілді.

Түрік экономикасына да баға берілген рапортта экспорттың қалпына келуі, импорттың күрт төмендеуі және әлі де күшті ішкі сұраныстың арқасында экономиканың биылғы жылдың бірінші ширегінде күткеннен жоғары өскені атап өтілді.

Рапортта  түрік экономикасының биылғы өсу болжамының 2,8 пайыздан 3,5 пайызға көтерілгені хабарланды. Ел экономикасы 2025 жылы 3 пайыз, 2026 жылы 3,2 пайыз өседі деп күтілетіні айтылды.



Ұқсас жаңалықтар